Перейти к тексту документа

1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 328 · принят 11.09.2007
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 11.09.2007
https://adilet.kz/ru/laws/1980-1989-2007-ekb-35274/?version=35274_368371.kaz
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 328 ·11.09.2007
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

ҚАЗ1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 328 · принят 11.09.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
328
Дата принятия
11.09.2007
Показанная редакция
11.09.2007 · действующая 35274_368371.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
11.09.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07VF000057
Идентификатор ЭКБ
35274
Идентификатор редакции
35274_368371
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 15:04

0 1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 8-тармақшасы және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 4 тарауын басшылыққа ала отырып, 2007 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке ұйымдастыруды және сапалы өткізуді қамтамасыз ету үшін Аягөз аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы аумағында жасы 18-ге толған және 27-дейінгі белгілі бір себептермен әскер қатарына шақырылуы кейінге қалдырылған 1980-1989 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып өткізу үшін төмендегі құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
Мұрат Тлекқалиұлы Жақашев
Аягөз қаласының қорғаныс істер бөлімінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы
Нұрғали Тлекқалиұлы Әзімбаев
Аудан әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Сәуле Төлеужанқызы Жақсыбаева
Аудандық емхананың аяжаны, комиссия хатшысы

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып және өткізу үшін шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:

3 3. Аягөз аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру комиссиясының жұмыс кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. "Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Департаментінің Аягөз ауданы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру комиссиясы бойынша әскерге шақырушыларды тексеру кезектен тыс және сапалы өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

5

5. Меншік түріне тәуелсіз кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына әскерге шақырушыларды іс-сапардан (демалыстан және т.б.) шақыру, олардың Қызыл қырандар жағалауы, 37 мекен-жайы бойынша шақыру учаскесіне уақытында келуге хабардар беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. "Аягөз аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыруды өткізу және ұйымдастыру үшін қажетті бағдарламаларды қаржыландыруды бекітілген бюджет шегінде өткізсін.

7 7. "Аягөз аудандық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне шақырудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Әзімбаевқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.