Перейти к тексту документа

Қазақстан Республикасының 1982-1991 жылдарыы туылған азаматтарын 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 200 · принят 09.11.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 09.11.2009
https://adilet.kz/ru/laws/1982-1991-2009/?version=48845_203398.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Қазақстан Республикасының 1982-1991 жылдарыы туылған азаматтарын 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Действует Постановление ·№ 200 ·09.11.2009

Қазақстан Республикасының 1982-1991 жылдарыы туылған азаматтарын 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

ҚАЗҚазақстан Республикасының 1982-1991 жылдарыы туылған азаматтарын 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Действует Постановление ·№ 200 · принят 09.11.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Қазақстан Республикасының 1982-1991 жылдарыы туылған азаматтарын 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
Қазақстан Республикасының 1982-1991 жылдарыы туылған азаматтарын 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
200
Дата принятия
09.11.2009
Показанная редакция
09.11.2009 · действующая 48845_203398.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
09.11.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09DI000090
Идентификатор ЭКБ
48845
Идентификатор редакции
48845_203398
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:04

0 Қазақстан Республикасының 1982-1991 жылдарыы туылған азаматтарын 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 31-бабындағы 1-тармақтың 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабындағы 3-тармағына, 20-бабындағы 1-тармағына, 23-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының жұмысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Құрылысшылар көшесі 13-ші үй, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ғимаратында ұйымдастырылсын.

3 3. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы төмендегідей құрамда құрылсын:

1 1) Қанағатов Асан Уахитұлы - комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы, подполковник (келісім бойынша).

2 2) Бейсбаев Асхат Ғалымжанұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы.

Комиссия мүшелері:

3 3) Берліқожанов Болат Жебегенұлы - аудандық ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша).

4 4) Зонов Сергей Федорович - аудандық аурухананың дәрігері медициналық комиссия төрағасы, (келісім бойынша).

5 5) Бабакумарова Эльмира - комиссия хатшысы.

4 4. Ескелді аудандық орталық ауруханасынан (Албаков И.Н. келісім бойынша) қажетті мөлшерде әскерге шақыру комиссиясына азаматтарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында білікті дәрігер мамандар және орта буындағы медициналық қызметкерлердің бөлінуі қарастырылсын.

5 5. Кент және ауылдық, округ әкімдері әскерге шақырушыларға шақыру қағазын табыс етіп, олардың міндетті түрде аудандық қорғаныс істері бөліміне келуін, оларды дер кезінде шақыру пунктіне(орнына) жеткізуді қамтамасыз етсін.

6

6. Ескелді ауданының ішкі істер бөлімі (Б.Қ.Сембаев) әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шығарып салу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптік сақталуын қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру, Ескелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлау ұсынылсын.

7 7. Аудандық қаржы бөлімі (Г:М:Бейсеқұлов) осы шараларды ұйымдастыру үшін қаражат бөлінуін қарастырсын.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Әлібаевқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.