Қазақстан Республикасының 1983-1992 жылдары туылған азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қазақстан Республикасының 1983-1992 жылдары туылған азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Наименование (каз.)
- Қазақстан Республикасының 1983-1992 жылдары туылған азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 74
- Дата принятия
- 05.04.2010
- Показанная редакция
- 05.04.2010 · действующая 51737_195292.kaz
- Последнее изменение
- 05.04.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DQ000084
- Идентификатор ЭКБ
- 51737
- Идентификатор редакции
- 51737_195292
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:36
0 Қазақстан Республикасының 1983-1992 жылдары туылған азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 960 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1983-1992 жылдары туылған азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2 2. Аудандық шақыру комиссияның төмендегі құрамы құрылсын:
Құмарғалиев
Руслан Шораұлы
-
"Сарқан ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша);
Бақтыбаев
Есболат Шаймұратұлы
-
"Сарқан ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі жалпы бөлімінің
бас маманы, төраға орынбасары;
Әбілқасым Елесұлы
-
Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары – комиссия
мүшесі (келісім бойынша);
Шылғаубаев
Алтай Қанийұлы
-
"Сарқан ауданының орталық
ауруханасы" мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының дәрігер - хирургі,
комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Дидар Нұртөлеуұлы
"Сарқан ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің әскери қызметкерлерді
келісім шарт бойынша және шақыру
бөлімшесінің бастығы, комиссия
мүшесі (келісім бойынша);
Байғошанова
Қатшан Болысбекқызы
-
"Сарқан ауданының орталық
ауруханасы" мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбикесі- комиссияның
хатшысы(келісім бойынша)
3 3. "Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (М.Долаева) келесі талаптарды орындау ұсынылсын:
1 1) шақыру басталғанша әскерге шақырылушыларды әскери құжатқа белгі соғу үшін қан тобы және резусының анықтамасымен, қан, зәр тексерулерімен, кеуде куысының суретімен, иммундық тапшылық вирусын тексеру анықтамасымен қамтамасыз ету;
2
2) шақыру аяқталғанша әскерге шақырылушылар емделінсін, осы мерзімге дейін амбулаторлық емделуде болғандардың жеке карталарын (Ф-025-У үлгісі) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге егілудің алынған түрлерін көрсетіп, жүйке ауруына, туберкулезге, тері-венерологиялық ауруларға, жұқпалы ауруларға, нашақорлыққа шалдыққандардың тізімін тапсыру.