Облыс аумағында 1986 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жургізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Облыс аумағында 1986 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жургізу туралы
- Наименование (каз.)
- Облыс аумағында 1986 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жургізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 537
- Дата принятия
- 25.12.2002
- Показанная редакция
- 25.12.2002 · действующая 14580_301504.kaz
- Последнее изменение
- 25.12.2002
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V02L0002917
- Идентификатор ЭКБ
- 14580
- Идентификатор редакции
- 14580_301504
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 22:36
0 Облыс аумағында 1986 жылы
туылған азаматтарды шақыру
учаскелерінде тіркеуді жургізу
туралы.
«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қантардағы Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Облыстық әскери комиссариаттары 2003 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1986 жылы туылған және бұрын тіркеуден өтпеген әскер жасындағы азаматтарды тіркеуге алуды қосымшаға сәйкес жүргізетін болсын.
2 2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:
1 1) әскери комиссариаттармен бірлесіп, азаматтардың шақыру учаскелерінде тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) аудандар мен Қызылорда қаласында тіркеуді жүргізетін комиссияларды құрсын;
3 3) тіркеуді жүргізу комиссияларына қажетті мөлшерде маман-дәрігерлерді, медициналық аяжандар, техникалық қызметшілер және көліктер бөлсін;
4 4) жастардың ұйымдасқан түрде әскери комиссариаттарға келіп, шақыру учаскелерінде тіркеуден өтулерін қамтамасыз ететің барлық шаралар қолдансын.
3 3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Х.Досқалиев):
1 1) тіркеуді жүргізу кезінде аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдері аудан, қала әскери комиссариаттарымен тығыз байланыс ұйымдастырып, шақыру учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
2 2) азаматтарды шақыру учаскелеріне келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын.
4 4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):
аудандық және қалалық әскери комиссариаттардың тапсырысы бойынша, тіркеуді жүргізуге байланысты жастарға дәрігерлік анықтама беру үшін облыстық емханалардан маман-дәрігерлер бөлсін;
шақыру учаскелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құрал- жабдықтармен қамтамасыз етсін.
5 5. «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 1 тармағына сай тіркеу кезіндегі техникалық және басқа да қызмет көрсету мен көлік шығындары жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
6 6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н. Ерімбетовке жүктелсін.
13 Облыс әкімінің
2002 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 537 шешіміне қосымша
2003 жылы шақыру учаскелерінде есепке алынатын
азаматтардың саны және тіркеуді өткізудің мерзімдері
№
№
Аудандық, қалалық әскери
комиссариаттардың
аталуы
Есепке
алынатындардың
жасөспірімдердің
саны
Шақыру учаскелерінде - есепке алуды жүргізу күндері
1.
Арал АӘК
670
17.01.2003-29.03.2003
2.
Қазалы АӘК
776
15.01.2003-14.03.2003
3.
Байқоныр ҚӘК
341
06.02.2003-26.03.2003
4.
Қармақшы АӘҚ
480
15.01.2003-01.03.2003
5.
Жалағаш БАӘК
805
03.02.2003-29.03.2003
6.
Қызылорда облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссариаты
2183
15.01.2003-29.03.2003
7.
Шиелі АӘК
805
20.01:2003-29.03.2003
8.
Жаңақорған АӘК
770
15.01.2003-01.03.2003
ОБЛЫС БОЙЫНША:
6830
15.01.2003-29.03.2003