1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы
ҚАЗ1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы
Действует
Постановление
·№ 15/02
·
принят 12.10.2006
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 15/02
- Дата принятия
- 12.10.2006
- Показанная редакция
- 12.10.2006 · действующая 29995_310666.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 12.10.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06KN000034
- Идентификатор ЭКБ
- 29995
- Идентификатор редакции
- 29995_310666
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:47
0 1990 - 1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес және әскерге шақырылатын азаматтарды толықты медициналық тексерістен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдердің диспансерлеуі қараша айында өткізілсін.
2 2. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин-келісім бойынша):
1 1) әскерге шақырылатындармен жүргізілетін саяси тәрбие жұмысының жоспарын жасасын;
2 2) дәрігер мамандармен орта медицина қызметкерлерімен іс тәжірибе алмасу оқуларын өткізсін.
3 3. Аудандық медицина бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев-келісім бойынша) диспансерлеуден өткізген уақытында:
1 1) диспансерлеуге жататын жасөспірімдердің барлығын лабороториялық, флюорографиялық зерттеуден өткізсін;
2 2) дәрігер мамандармен, медбибілермен және құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етсін;
3 3) жасөспірімдерді емдеу үшін қажет жағдай жасасын;
4 4) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің диспансерлеу өткізуге арнайы бөлмесі жабдықтармен қамтамасыз етілсін;
5 5) амбулаториялық бланктерін дайындасын.
4 4. Аудандық білім беру бөлімі (Айдос Диханұлы Ахметов) 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдердің тізімін дайындап аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне тапсырсын.
5 5. Ауыл және кент әкімдері жасөспірімдердің диспансерлеудің ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.
6 6. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) аталмыш араларды өткізу үшін бюджеттен қажетті қаржы бөлінсін.
7 7. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 31 тамыздағы «1989-1990 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы» (2005 жылдың 23 қыркүйегінде мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердегі тіркелінген № 8-14-4) № 12/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
9 9. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық қорғаныс істер
бөлімінің бастығы
Қ.Ш.Жолболдин
12.10.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық
бірлестігінің директоры
Б.О.Еспаев
12.10.2006 жыл