Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Наименование (каз.)
- Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 1
- Дата принятия
- 15.01.2008
- Показанная редакция
- 15.01.2008 · действующая 37936_352057.kaz
- Последнее изменение
- 15.01.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08NP000063
- Идентификатор ЭКБ
- 37936
- Идентификатор редакции
- 37936_352057
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:14
0 Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
1 1. Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
2 2. Селолар мен селолық округтердің әкімдері:
1 1) кестеге сәйкес бозбалаларға уақытында хабарлауды, олардың Науырзым ауданының шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
2 2) бозбалаларды жеткізуді адамдар тасымалдау үшін арнаулы жабдықталған көліктермен жүргізсін;
3 3) қосымша медициналық тексеруге жіберілген әскер жасына дейінгілерге бақылау жүргізсін.
3
3. «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» (Б.Ә. Бимағамбетова), Қостанай облысы білім беру департаментінің Науырзым кәсіптік мектебі» (Ж.М. Шаяхметова) (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері кестеге сәйкес аудандық шақыру учаскесіне 1991 жылы туған бозбалалармен ілесіп жүру үшін бастапқы әскери даярлау оқытушыларын жіберу ұсынылсын.
4 4. «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ғ.С. Көнеков) (келісім бойынша):
1 1) тіркеу жүргізілетін күндері қоғамдық тәртіпті қорғау үшін шақыру учаскесіне полиция қызметкерлерін болу;
2 2) кестеге сәйкес келу күндері әскер жасына дейінгілерді аудандық тіркеу комиссиясына жеткізу мақсатында полицияның учаскелік инспекторларын жіберу;
3 3) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және тіркеу учаскесіне жеткізу жөніндегі жұмыстарды өз құзыреті шегінде ұйымдастыру ұсынылсын.
5
5. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындармен мекемелер басшыларына азаматтардың әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатынын ескеру ұсынылсын. Медициналық куәліктендіру, тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, тіркеуді өту кезеңінде тіркеуге жататын еркек жынысты азаматтардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақталады.
6
6. «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» (Б.Ә. Бимағамбетова), «Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» (Қ.С. Сыздықов) (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері бірлесе отырып әскери оқу орындарына іріктеп алған үміткерлердің құжаттарын дайындауы қамтамасыз етілсін, бұқаралық ақпарат құралдар арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу басталғандығы туралы хабарландыру берілсін.