Перейти к тексту документа

1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы

Постановление · № 2-2 · принят 14.02.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1991-ekb-38973/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы Утратил силу Постановление ·№ 2-2 ·14.02.2008
Редакция от 14.02.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 14.02.2008. Это последняя редакция в корпусе.

1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы

Утратил силу Постановление ·№ 2-2 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы
Наименование (каз.)
1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
2-2
Дата принятия
14.02.2008
Показанная редакция
14.02.2008 · действующая 38973_346638.kaz
Последнее изменение
14.02.2008
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08DF000044
Идентификатор ЭКБ
38973
Идентификатор редакции
38973_346638
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 14:00

0 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен шақырушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес, сондай-ақ 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды уақытында және сапалы жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрылымдарға жастарды әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1991 жылғы туылған, сонымен қатар алдынғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.

2 2. Шақыру комиссиясының барлық мүшелері комиссияның жұмыс істеген кезінде қызмет жөніндегі міндеттері мен жұмыстарын атқарудан босатылып, істеген күндегі орташа еңбек ақылары сақталсын.

3 3. Селолық округ әкімдері 1991 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған, жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық тіркеуге алуды шақыру комиссиясына уақытысында келулерін қамтамасыз eтсін.

4 4. Аудандық ішкі icтep бөлім бастығы (М. Құсайынов) «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мынау мәселерді қамтамасыз етсін.

1 1)2008 жылғы 5 қаңтарға дейін қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімшелерге жасөспірімдердің icтepi жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;

2 2)Аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімшелерге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек

көрсетсін, оларды жедел іздестіру мақсатында әр селолық округінде ішкі iстер бөлімі мен Қорғаныс icтepi жөніндегі бөлім өкілдерінен бақылау және іздестіру топтарын құрсын;

3 3)комиссиянын шақыру кезінде шақыру учаскесінде қоғамдык тәртіп сақтауды қамтамасыз етсін.

5 5. Аудандық қаржы бөлім бастығы (Халықов Қадір) тіркеу жүргізу кезіндегі көлік, телефон шығындарын төлеуді «Қазақстан Республикасы Қорғанысы мен Қарулы Kүштері туралы» және Қазақстан Республикасынын Заңының 18 бабына сәйкес жергілікті бюджет қаржы есебінен жүргізілсін.

6 6. Аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бас

дәрігері (Т.Есімқұлов) «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мына мәселерді қамтамасыз етсін.

1 1)аудандык қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл icкe тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;

2

2)2008 жылғы 1 қаңтарта дейін аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне 1991 жылы туылған жастарға амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардын қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, терівенерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын;

3 3)тіркеуге алуға дейін 1991 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;

4 4)ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсырсын:

7

7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің бастығы (Б.Сқабаев) Қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне 2008 жылдың қаңтар айының 7-нен наурыз айынын 30-на дейін шақыру учаскесіне техникалық қызмет пен ic-қағазын басуға ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар есебінен қажетті адамдар бөлу тапсырылсын.

1 1) аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылатын 1991 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.

8 8. Аудандық білім бөлімнің бастығы (Н. Нұрпейісова) тіркеуге алу кезінде:

1 1)аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінің құзырына орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін мұғалім-педагогтарды бөлсін.

2 2)1991 жылы туылған жастар арасынан әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды ipiктеп алу жұмысын жүргізсін.

9 9. Аудандық дене тәрбие және спорт бөлімінің бастығы (Қ. Жақыпов)

1 1)кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери қолданбалы

спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;

2 2)тіркеугe алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери патриоттық

мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.

10 10. Аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы (Е. Өмірбеков) осы қаулының орындалу барысы және азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу қортындысы туралы аудан әкіміне 2008 жылдың 20 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.

11 11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Рахымбаевке жүктелсін.

12 12. Осы шешім баспасөзден алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізілсін.

Действующая