Перейти к тексту документа

1992 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2009 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы

Иной акт · № 36 · принят 20.11.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1992-2009-ekb-42663/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
1992 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2009 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы Утратил силу Иной акт ·№ 36 ·20.11.2008
Редакция от 20.11.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 20.11.2008. Это последняя редакция в корпусе.

1992 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2009 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 36 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
1992 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2009 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы
Наименование (каз.)
1992 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2009 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
36
Дата принятия
20.11.2008
Показанная редакция
20.11.2008 · действующая 42663_320999.kaz
Последнее изменение
20.11.2008
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08ZH000081
Идентификатор ЭКБ
42663
Идентификатор редакции
42663_320999
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:33

0 1992 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2009 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жыл 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Е.Кабиров келісім – бойынша), 2009 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1992 жылы туылған сондай-ақ жасы одан да үлкен, бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

2 2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың әскер қатарына шақыру учаскелеріне толық түрде келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ж.Шакуов) шақыру учаскелерінде тіркеу жұмысын ұйымдастыруға қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.

4

4. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Казталов аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Қ.Құрматова – келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (Е.Рабаев - келісім бойынша):

1 1) тіркелгендерді медициналық тексеруден өткізу жөнінде жан –жақты шаралар алу;

2 2) тіркеу кезінде сырқат екендігі анықталғандарға емдеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

5 5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Б.Бисенов - келісім бойынша) тіркеу кезінде жергілікті учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру, шақыру учаскесінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне (Е.Кабиров келісім – бойынша) ауданның білім беру бөлімімен (Т.Төлеушев) бірігіп, шақыру учаскесіне тіркелушілер қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар анықтау және іріктеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.

7 7. Ауданның дене шынықтыру және спорт бөліміне (Б.Қ.Ибрашев) жастардың бастапқы әскери даярлығы және спорттың әскери қолданбалы түрлеріне даярлауды қамтамасыз ету тапсырылсын.

8 8. Ауданның қаржы бөліміне (Т. Мұқанов) 2009 жылға бөлінген қаражат шегінде тіркеу жұмыстарына қаржы бөлу тапсырылсын.

9 9. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

10 10. Шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

Действующая