Перейти к тексту документа

1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Иной акт · № 7 · принят 18.12.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1992-ekb-43108/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 7 ·18.12.2008
Редакция от 07.12.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 07.12.2009. Это последняя редакция в корпусе.

1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 7 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Наименование (каз.)
1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
7
Дата принятия
18.12.2008
Показанная редакция
07.12.2009 · действующая 43108_202724.kaz
Последнее изменение
07.12.2009
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08CJ000088
Идентификатор ЭКБ
43108
Идентификатор редакции
43108_202724
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:24

0 1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 3, 17, 44-бабтарына сәйкес аудан әкімі Шешім етеді:

1 1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің күшімен 2009 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурыз айларының аралығында 1992 жылы туылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.

2 2. Жергілікті округ әкімдері, мекеме, ұйымдар басшылары аудандық қорғаныс істері бөліміне кезекті тіркеуден өтетін азаматтарды ұйымшылдықпен келуіне және осы мақсаттар үшін қажетті көлік бөлуге, құжаттар дайындауға шаралар алынсын.

3 3. Аудандық емхананың бас дәрігеріне /Е. Балбосынов/, аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне /Т. Маженов/:

1 1) шақыру учаскесін қажетті дәрігерлермен, қызмет етуші адамдармен қамтамасыз ету;

2 2) барлық сауықтыруды қажет ететін жастарды емдеу мекемесіне бекіту;

3 3) дәрігерлік комиссия жұмысын дәрігерлік құралдармен, дәрі-дәрмектермен, санитарлық-шаруашылық заттармен қамтамасыз ету;

4 4) кезекті тіркеу және нағыз әскери қызметке шақыру кезінде жетіспейтін дәрігер мамандарға облыстық сауықтыру бөліміне сұраныс жіберу тапсырылсын.

4 4. Темір аудандық ішкі істер бөліміне /А. Дәулетов/ шақыру және жастарды кезекті тіркеу кезінде жиналу пункттерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /А.Қожатілеу/ жасөспірімдерді шақыру учаскесіне кезекті тіркеу кезінде құжаттарды толтыру үшін техникалық қызметкерлер бөлсін.

6 6. Осы шешімнің орындалуы барысы және қорытындысы туралы аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы /С. Қосмамбетов/ аудан әкіміне 2009 жылдың 10 сәуірінде хабарласын.

7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Өтеповке жүктелсін.

8 8. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Действующая