Перейти к тексту документа

Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Иной акт · № 30 · принят 24.11.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 21.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1993-ekb-49366/on/2026-08-21/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 30 ·24.11.2009
Редакция от 11.11.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 21.08.2026: от 11.11.2010. Это последняя редакция в корпусе.

Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 30 · по состоянию на 21.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
Наименование (каз.)
Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
30
Дата принятия
24.11.2009
Показанная редакция
11.11.2010 · действующая 49366_213453.kaz
Последнее изменение
11.11.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09LG000086
Идентификатор ЭКБ
49366
Идентификатор редакции
49366_213453
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:58

0 Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

1 1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында аудан көлемінде 1993 жылы туылғандар мен бұрын тіркеуден өтпеген әскер жасындағы азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (С.Әлімбетов, келісімі бойынша) сұралсын.

2 2. Кент, ауылдық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

3

3. Аудандық білім бөліміне (Ж.Бердиманов) тіркеуден өтетін оқушы балалардың бекітілген кестеге сәйкес аудандық әскерге шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз ету және тіркеу комиссиясына техникалық көмек көрсететін мекемелердің тізімін бекітіп, олардың жұмысын ұйымдастыру тапсырылсын.

4 4. "ҚЭТЖК" АҚ-ның аудандық филиалынан (Е.Құрышжанов, келісімі бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратына тіркеуге алу комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде электр жарығын тұрақты беріп тұруды қамтамасыз ету сұралсын.

5 5. Аудандық ішкі істер бөлімінен (П. Нәлібаев, келісімі бойынша):

1 1) тіркеуге алуды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;

2 2) азаматтардың тіркеуге келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;

3 3) тіркеуге келмеген азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуін тапсыру сұралсын.

6 6. Аудандық емхананың бас дәрігері (С. Ысқақов, келісімі бойынша):

1 1) медициналық комиссияның құрамына бекітілген маман-дәрігерлер мен медбикелердің аудандық әскерге шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуге алу жұмыстарына тұрақты қатысуын қамтамасыз ету;

2 2) шақыру бөлімшесін қажетті дәрі-дәрмектерімен, дәрігерлік құрал жабдықтармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2005 жылғы N 100 бұйрығына сәйкес қамтамасыз ету сұралсын.

7 7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.

8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық емханасының бас дәрігері
Ысқаков Сәулебек
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Нәлібаев Пазылбек
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы
Әлімбетов Сабырхан
"КЕЛІСІЛДІ"
"ҚЭТЖК"-тің аудандық филиалының директоры
Құрышанов Еркін

Действующая