1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
ҚАЗ1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
- Наименование (каз.)
- 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 11-148
- Дата принятия
- 16.11.2009
- Показанная редакция
- 03.12.2010 · действующая 49410_213630.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 03.12.2010
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09DH000130
- Идентификатор ЭКБ
- 49410
- Идентификатор редакции
- 49410_213630
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 10:02
0 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруға жастарды дайындау жұмысын жақсарту мен тіркеуді сапалы, әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 1993 туылған ересек жастағы азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айлары аралығында жүргізілсін.
2 2. Қала және селолық округ әкімдері:
1 1) аудандық әскери басқару органдарына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскери жасына дейінгілердің тізімін тапсырсын;
2 2) әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды олардың аудандық әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
3 3) әскери-есептік құжаттарында аудандық әскери басқару органдарының әскери есепке алғаны туралы белгілер болған кезде әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асырсын;
4 4) аудандық әскери басқару органдарына әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуда, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуде көмек көрсетсін.
3 3. "Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Бахтамбаев Қуандық Омарұлы, келісімі бойынша):
1 1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз кұзіреті шегінде жүзеге асырсын;
2 2) анықтау және алдын-алу тергеу органдары жеті күн мерзім ішінде аудандық әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлап отырсын.
4
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Алматы облыстық филиалының Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесі (Қабылова Нілпара Іліпбайқызы, келісімі бойынша), жеті күн мерзім ішінде аудандық әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер берсін.
5
5. "Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Балакойшиев Болат Рысбайұлы, келісімі бойынша) шақыру өткізуді бастар алдында аудандық әскери басқару органдарының сұрау салуы бойынша стационарлық емдеудегі және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді хабарласын.