1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- 1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 12-9
- Дата принятия
- 22.12.2009
- Показанная редакция
- 22.12.2009 · действующая AI49822_0.kaz
- Последнее изменение
- 22.12.2009
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09DB000098
- Идентификатор ЭКБ
- 49822
- Идентификатор редакции
- AI49822_0
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:39
0 1993 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 17 бабындағы 3 тармағына сәйкес, 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту мақсатында қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.
2 2. Қалалық ішкі істер бөлімі (М. Б. Құсаинов) (келісім бойынша):
1 1) 2010 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімде есепте тұрған жастардың тізімін берсін.
2 2) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруге көмек көрсетсін.
3 3. “Қапшағай қалалық ауруханасы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Ә. С. Уәлиханов) (келісім бойынша):
1 1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
2
2) 2010 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған жастарға, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
3 3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
4 4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастап, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
4 4. “Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Г. Б. Соппекова):
қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
5 5. “Қапшағай қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Р. С. Ешімова):
1 1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мұғалімдер бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
2 2) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
6 6. “Қапшағай қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Н. Ю. Носова):
1 1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығын ұйымдастырсын;
2 2) тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық сұрақтар бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып өткізсін.
7
7. Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2009 жылдың 12 қаңтардағы № 2-2-74 нөмірімен мемлекеттік тізілімде тіркелген, «1992 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» қала әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 12-38 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2009 жылдың 15 қаңтарында «Қапшағай» газетінің 1 нөмірінде жарияланған).