Перейти к тексту документа

1993 жылы туған азаматтарды "Мұғалжар ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу туралы

Иной акт · № 27 · принят 07.12.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 23.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1993-ekb-50086/on/2026-08-23/
Напечатано 2026-08-23 · adilet.kz
1993 жылы туған азаматтарды "Мұғалжар ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 27 ·07.12.2009
Редакция от 18.02.2013
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 23.08.2026: от 18.02.2013. Это последняя редакция в корпусе.

1993 жылы туған азаматтарды "Мұғалжар ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 27 · по состоянию на 23.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
1993 жылы туған азаматтарды "Мұғалжар ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу туралы
Наименование (каз.)
1993 жылы туған азаматтарды "Мұғалжар ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
27
Дата принятия
07.12.2009
Показанная редакция
18.02.2013 · действующая 50086_209256.kaz
Последнее изменение
18.02.2013
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09CI000112
Идентификатор ЭКБ
50086
Идентификатор редакции
50086_209256
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:50

0 1993 жылы туған азаматтарды "Мұғалжар ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережесін бекіту туралы" Қаулысын жүзеге асыру мақсатына Мұғалжар ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2010 жылдың 11 қаңтары мен 31 наурыз аралығында "Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 17 жасқа толатын 1993 жыл туған азаматтарды сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Мұғалжар ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.

2 2. Қандыағаш қаласына және жақын орналасқан ауылдық округітерінің азаматтарын тіркеу үшін "Шақыру пункті" болып Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимараты бекітілсін.

Ембі және Жем қалаларының жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын тіркеу үшін "Шақыру пункті" болып Ембі қаласының аудандық емханасы болып бекітілсін.

3 3. "Мұғалжар аудандық емханасы" МКҚК (Ж. Төребаев келісім бойынша) және "Ембі аудандық ауруханасы" (З. Саркулова келісім бойынша):

1 1) тіркеу кезінде шақырылғандарды дәрігерлік куәландырудан өткізу үшін дәрігер мамандарды және медбике қызметкерлері қатыстырсын;

2 2) тіркеуге шақырылғандарды флюрографияға түсуін және қан тобын анықтау үшін зерттеу лабораториясынан өткізуін ұйымдастырсын.

4

4. "Мұғалжар аудандық білім бөлім" мемлекеттік мекемесіне (Қ. Назаров) "Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, аудан мектептерінде оқитын барлық 1993 жылы туған азаматтарды толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асыруды ұсынылсын. Тіркеу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ азаматтарды жалпы білім беретін мектептерге бекітсін.

5 5. "Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ж. Әлиқұлов келісім бойынша) полиция нарядын бөлу ұсынылсын: шақыру пункінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адам және іздестіру тобы үшін екі адам.

6

6. Қандыағаш, Ембі, Жем қалалары мен ауылдық округі әкімдері "Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің" мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша шақыруларға дейінгілерді және шақырылушыларды оларды шақыру пунктеріне шақырылғандығын хабарласын және жеткіншектердің уақытында келуін қамтамасыз етсін.

7

7. Мекеме ұйымдары және оқу орындары (меншік иелігіне қарамастан) басшыларына Мұғалжар ауданы қорғаныс істері бөлімінің сұрауы бойынша тіркелу кезінде шақырылатын азаматтарды жұмыстан (оқудан) уақытша босатып, дәрігерлік комиссиядан өту үшін көрсетілген уақытта "Шақыру пунктеріне" келулерін және тіркелуге тиіс азаматтарды қосымшада көрсетліген қажетті құжаттармен толық қамтамасыз етсін.

8 8. Мұғалжар аудандық телекоммуникация торабы (А. Жиенбаев, келісім бойынша) Мұғалжар электр жүйесі кәсіпорны (П. Хохлов - келісім бойынша) Мұғалжар аудандық "Шақыру пунктерін" байланысын жүйесін және электр қуатын үзіліссіз берілуін қамтамасыз етсін.

9 9. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Д. Танкиев осы шешімнің орындалу қортындысы бойынша аудан әкіміне хабарласын.

10 10. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы N5 шешімі (Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 26.01.2009 жылы N 3-9-92 болып тіркелген "Мұғалжар" аудандық 4.03.2009 жылы N 10-11 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

11 11. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Құрмашевқа жүктелсін.

12 12. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Действующая