Перейти к тексту документа

1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы

Иной акт · № 32 · принят 01.02.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 20.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1993-ekb-50577/on/2026-08-20/
Напечатано 2026-08-20 · adilet.kz
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 32 ·01.02.2010
Редакция от 19.04.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 20.08.2026: от 19.04.2010. Это последняя редакция в корпусе.

1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 32 · по состоянию на 20.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы
Наименование (каз.)
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
32
Дата принятия
01.02.2010
Показанная редакция
19.04.2010 · действующая AI50577_1.kaz
Последнее изменение
19.04.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10VN000105
Идентификатор ЭКБ
50577
Идентификатор редакции
AI50577_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:10

0 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 баптары, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:

1 1. Күршім ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (келісім бойынша) 1993 жылы туған жасөспірімдерді 2010 жылы қаңтар-наурызда шақыру учаскесіне тіркеуге алу өткізілсін.

2 2. Аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Т. Бахтияровқа:

1 1) коммуналдық шығындарын;

2 2) жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу уақытында қосымша жанар-жағар май бөлінуін, кеңсе заттарының шығындарын;

3 3) жасөспірімдерді әскери шақыру учаскесіне тіркеуде дәрігерлік тексеруге және емдеуге жұмсалған шығындарды;

4 4) әскери-дәрігерлік комиссияға, әскерге шақырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырмасымен келісім шарттар бойынша қабылдауды аудан бюджетінде қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Аудандық № 1 медициналық бірлестігінің директоры Ф.О. Игісіновке және № 2 медициналық бірлестігінің директоры Б.З. Арнапасовқа (келісімі бойынша):

1 1) әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын жасөспірімдерді арнайы бөлмелерде тексеруден өткізу үшін медициналық комиссиясының жергілікті маман дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;

2 2) әскери оқу орындарына үміткерлерді медициналық куәләндіру және емдеу жүргізілетін емдеу мекемелерін белгілеу, қосымша тексеруге қажет жататын орын бөлу ұсынылсын.

4

4. Ауылдық округ әкімдеріне, аудандық білім бөліміне (Ә.Қ. Қосамбековке) азаматтық алған, бұрын әскери есепте тұрмаған азаматтарды тіркеу учаскесіне жеткізу, іссапардағы, демалыстағы азаматтардың шақырылуын қамтамасыз ету, жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу учаскесіне жеткізетін арнайы адамдар бөлу, жасөспірімдерді шақыру учаскесіне тіркеу уақытында жабдықталған көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету және оларды тасымалдауда оқыс оқиғалардан сақтанудың барлық шараларын сақтау міндеттелсін.

5 5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.К. Әбілмәжіновке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуге байланысты ішкі саясат бөлімінің бастығы Ш.М. Тойбаевқа осы тұрғыда әскери патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, аудандық баспасөз арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.

7 7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.

8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Действующая