Перейти к тексту документа

1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Иной акт · № 3 · принят 25.12.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 21.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1993-ekb-50690/on/2026-08-21/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 3 ·25.12.2009
Редакция от 20.12.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 21.08.2026: от 20.12.2010. Это последняя редакция в корпусе.

1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 3 · по состоянию на 21.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Наименование (каз.)
1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
3
Дата принятия
25.12.2009
Показанная редакция
20.12.2010 · действующая 50690_203824.kaz
Последнее изменение
20.12.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09DD000104
Идентификатор ЭКБ
50690
Идентификатор редакции
50690_203824
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:30

0 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2010 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу жүргізілсін.

2 2. Поселкелік, ауылдық округтерінің әкімдері:

1 1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі белгілеген мерзімде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын.

2 2) Шақырушыларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғаны туралы мерзімінде хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3

3. "Ақсу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Кулайхан Тұрсынбекқызы Дәулетбекова), "Ақсу аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Арыс Құрманбекұлы Исаев) жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғауды конституциялық міндетін мүлтіксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмыстарын жандандырсын.

4 4. "Ақсу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Кулайхан Тұрсынбекқызы Дәулетбекова):

1 1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қармағына тиісті мұғалімдер бөлсін және олардың орта білім алуын ұйымдастырсын.

2 2) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандиттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.

5 5. "Ақсу ауданы ішкі істер бөлімі" мекемесі (Ерлан Қанатайұлы Сансызбаев, келісім бойынша):

1 1) "Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұрудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруде және ұстауда өз құзіреті шегінде көмек көрсетсін.

6 6. "Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қайрат Тынбайұлы Бекбаланов):

1 1) "Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.

7 7. "Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Алмат Бекетайұлы Жетібаев, келісім бойынша) осы шешімнің орындалуы туралы 2009 жылдың 5 сәуірінде аудан әкіміне хабарлама берсін.

8

8. Аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда 2-4-83 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2009 жылғы 31 қаңтарындағы N 5 санында жарияланған, аудан әкімінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы "1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы" N 3 және аудандық әділет басқармасында 18 наурыздағы 2-4-85 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2009 жылғы 02 наурыздағы N 13 санында жарияланған, аудан әкімінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы "1992 жылы туылған әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы" N 3 шешіміне өзгерістер енгізі туралы" N 1 шешімдерінің күші аудан әкімінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі N 2 шешімімен жойылды.

9 9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сабит Бейсенбекұлына жүктелсін.

10 10. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Действующая