1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Наименование (каз.)
- 1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 9
- Дата принятия
- 21.12.2010
- Показанная редакция
- 07.12.2011 · действующая 56331_182384.kaz
- Последнее изменение
- 07.12.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10CD000106
- Идентификатор ЭКБ
- 56331
- Идентификатор редакции
- 56331_182384
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:36
0 1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы» ережесіне сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. 1994 жылы туылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеу 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында өткізілсін.
2 2. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А.Құлниязов):
тіркеуді жүргізуге қажетті адамдармен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастырсын;
келмеген шақырылушыларды іздестіріп, бақылайтын топ құрып, оның құрамына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, селолық округ әкімдері аппараттарынан, аудандық ішкі істер бөлімінен өкілдер енгізуді қамтамасыз етсін.
3 3. Селолық округ әкімдері:
1994 жылы туылған азаматтардың тіркеу учаскелеріне уақытылы жеткізілуі үшін мекемелерден, мектептерден арнаулы көліктер ұйымдастырсын.
4 4. Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі (Е. Құлжан):
тіркеу кезінде анықталған орта білімі жоқ жастарды өздерінің тұрақты мекен-жайы бойынша орта мектептерге бекітіп, оларды оқытуды ұйымдастыруды қатаң бақылауға алсын.
5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ш. Спанова):
тіркеуге дайындық жүргізуге және тіркеу кезінде құжаттарды толтыруға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көмек беру үшін 2011 жылдың 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығындағы уақытқа қоғамдық ақылы жұмысшылар қатарынан 7 адам бөлсін.
6 6. Аудандық «Орталық аурухана» МҚКК (М. Жазықов):
тіркеу барысында анықталған науқас азаматтарды емдеу мекемелеріне тұрақты бекітіп, оларды жан-жақты сауықтыру шараларын жүргізсін;
бұл жұмысты бақылауға алып, қажет жағдайда көшпелі дәрігерлік комиссия ұйымдастыруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ әскери шақырылу қостарын қажетті медициналық және шаруашылық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.