Перейти к тексту документа

1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Иной акт · № 52 · принят 13.12.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 21.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1994-ekb-56700/on/2026-08-21/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 52 ·13.12.2010
Редакция от 06.05.2011
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 21.08.2026: от 06.05.2011. Это последняя редакция в корпусе.

1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 52 · по состоянию на 21.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Наименование (каз.)
1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
52
Дата принятия
13.12.2010
Показанная редакция
06.05.2011 · действующая AI56700_1.kaz
Последнее изменение
06.05.2011
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10VE000121
Идентификатор ЭКБ
56700
Идентификатор редакции
AI56700_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 06:42

0 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Абай ауданның шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 және 44 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:

1 1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шакыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу 2011 жылдың қаңтар-наурызында өткізілсін.

2 2. Шақыру учаскесіне тіркелетін 1994 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыру 2011 жылдың 25 қаңтарынан 2011 жылдың 31 наурызы аралығында жүргізілсін.

3 3. «Абай ауданының  медициналық бірлестігіне» КМҚҚ (Қ. Битенова, келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) Медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігелер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;

2 2) Жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;

3 3) Қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;

4 4) Тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімдері тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын ұйымдастыру;

4 4. Ауылдық округі әкімдері тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.

5 5. «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Татиева) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.

6 6. «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е. Имаханов) міндеттелсін:

1 1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеп және білім деңгейін тексеру;

2 2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлер іріктелу.

7 7. Абай ауданының ішкі істер бөлімі (Т. Тлеубердин, келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау;

2 2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзіретті шегінде жүзеге асыру.

8 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.

9 9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Абай ауданының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірлген бөлімінің бастығы
Б. Нұржауов
13.12.2010 ж.
Абай аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Т. Тлеубердин
13.12.2010 ж.
Абай ауданының медициналық
бірлестігінің директоры
Қ. Битенова
13.12.2010 ж.

Действующая