1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Наименование (каз.)
- 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 3
- Дата принятия
- 20.12.2010
- Показанная редакция
- 20.12.2010 · действующая 56925_185455.kaz
- Последнее изменение
- 20.12.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DD000126
- Идентификатор ЭКБ
- 56925
- Идентификатор редакции
- 56925_185455
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:37
0 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережесін бекiту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери есепке жарамдылық дәрежесін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында Ақсу ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. 2011 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Жансүгір кенті, Буланова көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесіне "Ақсу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Кенттердің, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары жыл сайын белгіленген мерзімде Ақсу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3
3. Ақсу ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы" N 3 (Ақсу аудандық Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 12 ақпанда тіркелген нөмірі 2-4-104, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 9/9496 санында жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.