Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Наименование (каз.)
- Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 12-07
- Дата принятия
- 20.12.2010
- Показанная редакция
- 23.05.2011 · действующая 57018_195883.kaz
- Последнее изменение
- 23.05.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DS000112
- Идентификатор ЭКБ
- 57018
- Идентификатор редакции
- 57018_195883
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:38
0 Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу және әскери - техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды iрiктеу мақсатында Ұйғыр ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген еркек жынысты азаматтарды Ұйғыр ауданы Шонжы селосы А. Арзиев көшесі, 61 мекен – жайында орналасқан шақыру учаскесіне "Ұйғыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылып және қамтамасыз етілсін.