Иіркөл ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2-айлығын өткізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Иіркөл ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2-айлығын өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- Иіркөл ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2-айлығын өткізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 8
- Дата принятия
- 13.03.2006
- Показанная редакция
- 13.03.2006 · действующая 28407_359607.kaz
- Последнее изменение
- 13.03.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06LE000052
- Идентификатор ЭКБ
- 28407
- Идентификатор редакции
- 28407_359607
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:48
0 Иіркөл ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2-айлығын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағының 20-тармақшасына сәйкес және ауылды абаттандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында ШЕШЕМІН:
1 1. 2006 жылғы 15 наурыз - 15 мамыр аралығы Иіркөл ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2-айлығы деп жариялансын.
2 2. Иіркөл ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2-айлыгын өткізу жөніндегі комиссия құрамы және атқарылатын жұмыстардың іс-шарасы 1,2 қосымшага сәйкес бекітілсін.
3 3. Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Қосбергеновке көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық шараларының іске асырылуына бақылау жасау және осы жайлы мәліметті аудан әкімиятына 10 күн сайын хабарлап түру тапсырылсын.
4 4. Осы шешімнің уақытылы орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5 Ауыл әкімінің 13 наурыз 2006 жылғы
№ 8 шешімімен бекітілген 1 қосымша
Иіркөл ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2-айлығын өткізу
жөніндегі комиссия құрамы
Көпжасаров Мороз Хамитұлы - Иіркөл ауылдық "Ынтымақ" Селолық тұтынушылар коперативі төрағасы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Қосбергенов Мырзатай Сүйінтайұлы - Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, комиссия мүшесі;
Елбосынов Оспан - Иіркөл ауылдық Фельдшерлік-акушерлік пункт меңгерушісі, комиссия мүшесі (келісімі бойынша);
Әзбергенова Мүғалла Есенаманқызы - Иіркөл ауылдық Пошта меңгерушісі, комиссия мүшесі (келісімі бойынша);
Қаратаев Қайырғали Қоңырбайұлы - "Иіркөл" шаруа қожалығының басшысы, комиссия мүшесі (келісімі бойынша)
6 Ауыл әкімінің " 13 "наурыз 2006 жылғы
№ 8 шешімімен бекітілген 2 қосымша
Иіркөл ауылында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2-айлығын өткізуге байланысты атқарылатын жұмыстардың іс-шарасы
Р/с
Атқарылатын жұмыстар
Мерзімі
Орындаушы
1
Ауыл орталығындағы әрбір үйдің ауласын тазартып, сыртын әктеу, ауласындағы күл-қоқыстарын тазартып, ағаш көшеттерін, қаламшалар отырғызуды ұйымдастыру.
Наурыз сәуір
Ауыл әкімі Комиссия
2
Аудандық бюджеттен бөлінген қаражатты игере отырып, көшедегі күл-қоқыстарды арнаулы орынға апарып төгу.
Сәуір мамыр
"Ынтымақ" Селолық түтынушылар кооперативі /келісімі бойынша/
3
Мектептегі, балабақшадағы, Фельдшерлік-акушерлік пункттегі күлдерді көлікпен тасымалдап арнаулы орынға төгу.
Сәуір мамыр
Мекеме басшылары /келісімі бойынша/
4
Ауыз су скважинасына тазалық жұмыстарын жүргізу, ағаш көшеттерін отырғызу, цистернаны сырлау, трубаларды сырлау, ауыз су алатын орынды санитарлық ережеге келтіру.
Сәуір мамыр
"Ынтымак" Селолық тұтынушылар коперативі /келісімі бойынша/
5
Ауыл орталығындағы үйлерге көше атауларын жазып ілу.
Сәуір мамыр
Ауыл әкімі Комиссия
6
Күл-қоқыстарды арнаулы орынға тасымалдап шығаратын көліктерді ұйымдастыру.
Сәуір мамыр
Комиссия "Иіркөл" шаруа қожалығы /келісімі бойынша/
7
Аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа "Ынтымақ" Селолық тұтынушылар кооперативі арқылы мектеп, балабақша, ескерткіш шарбақтарын сырлау, үгіт насихат плакаттарын орналастыру жүмыстарын жүргізу.
Мамыр маусым
"Ынтымақ" Селолық тұтынушылар кооперативі /келісімі бойынша/
8
Ауыл орталығындағы су жүретін көшелерді тазалап қазу /4 км/.
Наурыз сәуір
Ауыл әкімі комиссия
9
Мектеп, Фельдшерлік-акушерлік пункт, балабақша аулаларына барлығы 3000 түп ағаш қаламшаларын отырғызу.
Наурыз сәуір
Мекеме басшылары /келісімі бойынша/
10
Көшелерге қүм төгу жүмыстарын үйымдастыру.
Жыл көлемінде
Ауыл әкімі Комиссия
11
Жыл көлемінде түрақты түрде ауыл орталығында абаттандыру, көркейту, тазалық жүмыстарын жүргізіп отыру.
Жыл көлемінде
Ауыл әкімі Комиссия