2000 жылдың егінін жинауға дайындық барысы туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2000 жылдың егінін жинауға дайындық барысы туралы
- Наименование (каз.)
- 2000 жылдың егінін жинауға дайындық барысы туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 268
- Дата принятия
- 13.07.2000
- Показанная редакция
- 13.07.2000 · действующая 8351_295788.kaz
- Последнее изменение
- 13.07.2000
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V00L000351_
- Идентификатор ЭКБ
- 8351
- Идентификатор редакции
- 8351_295788
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 05.08.2026 00:22
0 2000 жылдың егінін жинауға дайындық барысы туралы
Үстіміздегі жылы облыстың құрылымдары бойынша 145,2 ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде 76,2 мың гектарға дәнді дақылдар, оның 62,2 мың гектарына күріш егілді. Өткен жылмен салыстырғанда барлық егіс көлемі 17,5 мың гектарға, күріш егісі 3,6 мың, көкөніс, бақша, картоп дақылдары 2,4 мың гектарға артық егілді.
Егілген ауылшаруашылық дақылдары агротехникалық талаптарға сай күтіп бапталды.Құрылған жұмысшы топтарының талдау қортындысы мен олардың жақсы, орташа, нашар өнім беретін көлеміне болжау жасалынды.
Бұл күндері егін орағына дайындық жұмыстары қарқын алуда.Күздік бидайды ору басталды.Облыста жиналуға тиісті 4867 гектар күздік бидайдың шілде айының 10 жұлдызына 1470 гектары жиналып, облыс бойынша әр гектардан 13,4 центнерден астық алынуда.
Дегенмен 2000 жылдың егін орағы науқанына дайындық барысы талаптағыдан төмен. Егін жинауға қатысатын техникалардың жөнделіп, сапқа қойылуы нашар.
Бүгінгі күні қолда бар 1128 астық комбайнының дайыны 694, немесе 62 пайыз, 528 жатканың 64 пайызы, 122 қырманның 86 пайызы, -276 астық құятын қойманың 92 пайызы ғана дайын.
Алдын ала жасалынған есеп бойынша егілген күріш егісін мерзімінде жинап алу үшін оруға 30 комбайн, бастыруға 84, барлығы 114 комбайын жетіспейді. Соның әсерінен қолда бар комбайындарға жүктеме көлемі өсіп отыр. Бүл әсіресе Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Қармақшы аудандарында айрықша орын алуда.
Астық комбайындарын жөндеу жұмыстары Қазалы,Қармақшы аудандарының шаруашылықтарында өте нашар жүргізілуде. Қазіргі кезде бұл аудандарда барлық комбайынның 55-58 пайызы ғана егіс орағына дайындалған. Бұл облыстың орта көрсеткішінен 4-7 пайызға төмен.
Қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге жеткілікті мән берілмеуде, «Агроөнеркәсіптехника» АК әкелген 40 млн. теңгенің қосалқы бөлшектерінен 10 млн тенгенің қосалқы бөлшектері ғана облыс шаруашылықтарына келісім-шарт арқылы таратылған.
Үстіміздегі жылғы егін орағына 17435 тонна дизелдік жанар май, 3500 тонна автобензин,500 тонна қою май қажет болса, одан осы кезге дейін 1 тоннасы да дайындалмаган.
Облыс ауылшаруашылығы құрылымдарының алған материалдық-техникалық ресурстары және қызметтері үшін 2000 жылғы 1 шілдеге берешек қарызы 1263,1 млн. теңге болып отыр.
Сонымен қатар мал азығындық жем-шөп дайындау жұмыстары да нашар жүруде. Бұл жұмыс Жалағаш, Қазалы, Сырдария аудандары шаруашылықтарында межедегіден 6-8 пайызға ғана орындалуда.
2000 жылдың егін орағын ұйымшылдықпен өткізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН: