Перейти к тексту документа

«2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және пайдалану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалған аудандық іс шаралардың орындалу барысы туралы

Постановление · № 38 · принят 17.03.2006
Юридическая сила: Действует · редакция от 17.03.2006
https://adilet.kz/ru/laws/2001-2010/?version=27298_368853.kaz
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
«2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және пайдалану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалған аудандық іс шаралардың орындалу барысы туралы Действует Постановление ·№ 38 ·17.03.2006

«2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және пайдалану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалған аудандық іс шаралардың орындалу барысы туралы

ҚАЗ«2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және пайдалану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалған аудандық іс шаралардың орындалу барысы туралы

Действует Постановление ·№ 38 · принят 17.03.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
«2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және пайдалану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалған аудандық іс шаралардың орындалу барысы туралы
Наименование (каз.)
«2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және пайдалану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалған аудандық іс шаралардың орындалу барысы туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
38
Дата принятия
17.03.2006
Показанная редакция
17.03.2006 · действующая 27298_368853.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
17.03.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06BO000059
Идентификатор ЭКБ
27298
Идентификатор редакции
27298_368853
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:45

0 «2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және пайдалану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалған аудандық іс шаралардың орындалу барысы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-1 Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" туралы 2001 жылғы 7 акпандағы № 550 Жарлығын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған аудандық іс-шаралардын жоспары» жүзеге асыру қорытындылары назарға алынсын.

2 2. Аудан әкімі аппаратының жетекшісі аудан әкімдігінің отырыстарында, аппараттық кеңестерде мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар басшыларының есебін тыңдай отырып, жоспарлы түрде кемінде жарты жылда бір рет талқылап отырсын.

3 3. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жандандыруға нақты шаралар қабылдасын:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-1 Заңының орындалуын бақылауды күшейтсін;
аудандық тіл саясаты және ономастика комиссиясының жұмысын жандандырсын;

4 4. «Қорғалжын өңірі» газетінің редакторы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының тіл заңдылықтарының орындалу барысы мақсатымен газет бетінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізсін.

5 5. Ауыл әкімдері, аудандық мекеме басшылары қазақ тілінде жарық көретін мерзімді баспасөзге жазылу ісін жандандырсын.

6 6. Аудандық мектептердің кітапханалар қоры жаңа әдеби кітаптармен толықтырылсын.

7 7. Аудандағы халыққа қызмет көрсететін орындардағы көрсеткіштер мен басқа да жарнамалар аудандық қала құрылысы мен сәулет бөлімі және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісіліп жазылуы бақылауға алынсын.

8 8. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Қорғалжын аудандық әділет басқармасында тіркелген соң ресми баспасөз бетінде жариялануы тиіс.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.