2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы
- Наименование (каз.)
- 2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 46
- Дата принятия
- 02.07.2001
- Показанная редакция
- 02.07.2001 · действующая 10876_302774.kaz
- Последнее изменение
- 02.07.2001
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V01L0001096
- Идентификатор ЭКБ
- 10876
- Идентификатор редакции
- 10876_302774
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 23:42
0 2001 жылғы жазғы маусымда азаматтардың облыс су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы
Жазғы маусымда облыс су айдындарында азаматтардың суда қаза болуымен байланысты төтенше жағдайларды алдын алу және ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2001 жылдың 28 сәуіріндегі № 92 «2001 жылғы жазғы маусымда Қазақстан Республикасының су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы» бұйрығын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері облыс аумағындағы барлық жағажайларға түгендеу жүргізсін, су айдындарының нақты иелерін анықтасын:
1 1) құтқару құралдарының барлығын және ведомстволық құтқару күзеттерінің жабдықталуын тексерсін;
2
2) облыстық мәслихатының 1998 жылғы 23 қазандағы ХVII-сессиясының шешімімен бекітілген «Су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудың міндетті ережелерінің» талаптарына сәйкес меншік түрлеріне қарамастан құтқару күзеттері жоқ, дайындықтан өткен құтқарушыларсыз және облыстық судан құтқару, санитарлық-эпидемиялық қызметтерінің осыған сәйкес келісімісіз жағажайлар, демалыс орындары мен балалар лагерлерін, жүзу құралдарын жалға беретін пункттер ашуға тыйым салынсын.