Перейти к тексту документа

Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Постановление · № 206 · принят 07.04.2002
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 14.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2002-11-no-180/on/2026-08-14/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Действует Постановление ·№ 206 ·07.04.2002
Редакция от 07.04.2002
Редакция, действовавшая на 14.08.2026: от 07.04.2002. Это последняя редакция в корпусе.

Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Действует Постановление ·№ 206 · по состоянию на 14.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Наименование (каз.)
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
206
Дата принятия
07.04.2002
Показанная редакция
07.04.2002 · действующая 12147_290106.kaz
Последнее изменение
07.04.2002
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V02L0001806
Идентификатор ЭКБ
12147
Идентификатор редакции
12147_290106
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 23:10

0 Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1743 «Бюджеттік бағдарламаның паспортын жасау ережесін бекіту туралы» қаулысына, облыс әкімиятының 2002 жылғы 21 наурыздағы № 196 «2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облыс әкімінің 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 қаулысының 1 тармақтағы 15 тармақшаға келесі өзгерістер мен толыктырулар енгізілсін;

«№ 1-3 қосымша» деген сөздер «№ 1-4 қосымша» сөздермен ауыстырылсын;
«№ 3 қосымша» деген сөздер «№ 3-4 қосымша» сөздермен ауыстырылсын (қоса беріліп отыр).

2 Облыс әкімиятының

2002 жылғы № 8 сәуірдегі
№ 206 қаулысымен бекітілген
№ 4 қосымша
ПАСПОРТ
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру
(Бюджеттік бағдарламаның аты)
2002 жылға

1 1. Құны: 45000 (қырық бес миллион) мың теңге.

2

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативті құқықтық негізі: «2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруга жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 229 қаулысы, облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 наурыздағы X сессиясының «Облыстық мәслихатының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» IX сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі, «2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру туралы» облыс әкімиятының 2002 жылғы 21 наурыздағы № 196 қаулысы.

3 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: Облыстык бюджет.

4 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді қаржылай қолдауды ұйымдастыру.

5 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері алған несиені жанар-жағар май алуға, тұқымға, тыңайтқышқа, гербицидке, қосалқы бөлшектерге, ауылшаруашылық техникасын жалға немесе сатып алуға.

6 6. Бюджеттік бағдарламаны жүргізудің іс-шара жоспары:


Бағдарлама коды
коды
Бағдарламаның аты
Бағдарламаны жүргізудің іс-шарасы
Мерзімі
Жауапты орындаушы
1
83
00
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру туралы
2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру
Жыл бойына
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

7 7. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырғанда күтілетін нәтиже:

2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу

Действующая