Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қаңтардағы «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» №15-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қаңтардағы «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» №15-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қаңтардағы «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» №15-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 23-4
- Дата принятия
- 23.02.2006
- Показанная редакция
- 23.02.2006 · действующая 28111_339517.kaz
- Последнее изменение
- 23.02.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06ZF000019
- Идентификатор ЭКБ
- 28111
- Идентификатор редакции
- 28111_339517
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:53
0 Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қаңтардағы «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» №15-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы мен Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 373 бабына сәйкес және Батыс Қазақстан облыстық әділет департаментінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы шығыс №4-10011 санды қатынас қағазы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қаңтардағы «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» №15-4 шешіміне ((тіркеу №1278, аудандық «Шұғыла» газетінде 2002 жылғы 23 ақпанда жарияланған) аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі №17-8 тіркеу №1496, аудандық «Шұғыла» газетінде 2002 жылғы 30 мамырда жарияланған) шешімімен енгізілген толықтыруларды қоса) төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген қосымшасында:
Белгіленген қызмет түрлерінің:
1 1) 5 тармағы алып тасталсын;
2 2) 8 тармағында:
«Көлік иелері көрсеткен қызметтер» деген сөздер «Жолаушылар мен жүктерді (лицензиялы тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл және жүк автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 3) 9 тармағы алып тасталсын;
4 4) 10 тармағы алып тасталсын;
5 5) 11 тармағы алып тасталсын;
6 6) 12 тармағы алып тасталсын;
7 7) 13 тармағында:
«Мал бағу» деген сөздер «Үй жануарлары мен құстарды жаю» деген сөздермен ауыстырылсын;
8 8) 14 тармағында:
«Жүк тасымалдау автокөліктерімен тракторлар қызметі және 6-25 орындық адам тасымалдайтын автокөліктер үшін» деген сөздер «Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері» деген сөздермен ауыстырылсын.