Перейти к тексту документа

2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы туралы

Постановление · № 251 · принят 28.05.2002
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 14.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2003-2010-ekb-12724/on/2026-08-14/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы туралы Действует Постановление ·№ 251 ·28.05.2002
Редакция от 28.05.2002
Редакция, действовавшая на 14.08.2026: от 28.05.2002. Это последняя редакция в корпусе.

2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы туралы

Действует Постановление ·№ 251 · по состоянию на 14.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы туралы
Наименование (каз.)
2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
251
Дата принятия
28.05.2002
Показанная редакция
28.05.2002 · действующая 12724_295554.kaz
Последнее изменение
28.05.2002
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V02L0002220
Идентификатор ЭКБ
12724
Идентификатор редакции
12724_295554
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 23:01

0 2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы туралы

"2002-2010 жылдарға арналған салалық "Ауыз су" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 P020093_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында және облыс халқын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. "2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) мақұлдансын.

2 2. Аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi, облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжiбеков) жыл сайын жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру кезiнде бюджеттiк сыныптамаға сәйкес Бағдарламаны iске асыру үшiн қаражат көздесiн.

3

3. Аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi, аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Қ.Шапшанов), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев), облыстық санитарлық эпидемиялық станция (Е.Қуандықов), облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К.Нұрекешов), "Арал" салынып жатқан кәсiпорындардың бiрiккен дирекциясы (В.Шек) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
Бағдарламаны орындауға арналған iс-шараларда су құбырларының құрылыстарын салуға және қайта орнына келтiруге өте тиiмдi, ұзаққа шыдайтын полимер трубалармен алмастыру көзделсiн.

4

4. Облыстық экономика басқармасы (Б.Шәменова), облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К.Нұрекешов) жыл сайын облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарын қалыптастырғанда, тапсырыс берушiлермен бiрге су жүйелерiнiң құрылысы мен қайта қалпына келтiру бiрiншi кезекте екенiн ескерсiн.

5 5. Аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi, облыстық басқармалар мен комитеттер, қажеттiлiгiне қарай жыл сайын 1 наурызға облыс әкiмiне "2003-2010 жылдарға арналған облыстық "Таза су" бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс берсiн.

6 6. Аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi, облыстық басқармалар жыл

сайын 20 қаңтар және 20 шiлдеге облыстық энергетика, құрылыс және

тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына "2003-2010 жылдарға

арналған облыстық "Таза су" бағдарламасының орындалу барысы жайлы

хабарлама берсiн.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары

С. Ретаевқа жүктелсiн.

Действующая