Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын орындау туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын орындау туралы
- Наименование (каз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын орындау туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- а-5/143
- Дата принятия
- 06.05.2003
- Показанная редакция
- 06.05.2003 · действующая 15791_133619.kaz
- Последнее изменение
- 06.05.2003
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03B0001776
- Идентификатор ЭКБ
- 15791
- Идентификатор редакции
- 15791_133619
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 21:23
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын орындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N№70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы"
қаулысын
сонымен қатар, облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 21 ақпандағы N С-24-2 "Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N С-22-2 "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімін орындау мақсаттарында, облыс әкімдігі қаулы етеді:
1 1. Ауыл шаруашылық товарларын өндірушілеріне 2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. 10.1.257.83 "Ауыл шаруашылық товарларын өндірушілеріне 2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тағайындалсын.
3 3. 2003 жылғы көктемгі егіс пен егін орағы жұмыстарын несиелендіру жөніндегі Оператор болып "Ақмола астық комитеті" шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны белгіленсін.
4 4. 10.1.257.83 "Ауыл шаруашылық товарларын өндірушілеріне 2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға кредит беру" бюджеттік бағдарламасының төлқұжаты тоғыз жүз (қосымша 1) миллион теңге болып бекітілсін.
5 5. Бағдарлама әкімшісі бөлінген несие ресурстарын мақсатты түрде пайдалануды және уақытында қайтаруды қамтамасыз етсін. Аудан әкімдеріне бөлінген кредиттік қаржыны қайтару үшін Бағдарлама әкімшісіне қолдау көрсету ұсынылсын.
6 6. Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N а-2/59 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы"
қаулысын
орындау туралы, 2003 жылғы 21 наурыздағы N а-4/104 "Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 25 ақпандағы N а-2/59 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 70 "2003 жылғы көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы"
қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларының күші жойылған деп саналсын.
7 7. Осы қаулының күші 2003 жылдың 25 ақпанынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады.
8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары Қ.М. Отаров пен Д.З. Әділбековке жүктелсін.
9 Бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің
07.05.2002 ж. N а-5/143
"Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 21
қаңтардағы N 70 "2003
жылғы көктемгі егіс пен
егін жинау жұмыстарын
жүргізуді ұйымдастыруға
жергілікті атқарушы
органдарға кредит берудің
кейбір мәселелері туралы"
қаулысын орындау туралы"
қаулысы
2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға облыстың ауыл шаруашылық товарларын өндірушілеріне кредит беру ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 21 қаңтардағы N№70 "2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы"
қаулысына
сәйкес бюджеттік қаржы есебінен жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайытқыш, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін сатып алу және ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу мен сатып алуға жеңілдік пен несие беру шарттарын, мерзімдерін және тетіктерін белгілейді.
2 2. Негізгі түсініктер
2 2. Бағдарлама әкімшісі ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерді несиелендіру жөніндегі бюджеттік Бағдарламаны негіздеу және жүзеге асыру үшін жауапты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган.
3 3. Тауарлық кредит - Оператор нақты қарыз алушыға беретін өнім.
4 4. Ақшалай кредит Бағдарлама әкімшісі нақты қарыз алушыға беретін бюджеттік қаржы.
5 5. Өнім - жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайытқыштар, гербицидтер, тұқымның дәрілері, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектері, ауыл шаруашылығы техникалары
6 6. Бағдарламаның операторы Бағдарлама әкімшісімен келісім-шарт негізінде жергілікті бюджеттен түсетін кредиттік қаржыларды нақты қарыз алушыларға кредит беретін ұйым.
7 7. Ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші жерді өндірістің негізгі құралына айналдырған немесе өз қызметін ауыл шаруашылық тауарларын өндіру үшін жермен байланыстырған, заңды тұлға құрмай ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға.
8 8. Нақты қарыз алушы кредит алушы, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші.
3 3. Кредит беру тәртібі
9
9. Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке бөлінетін 900000000 (тоғыз жүз миллион) теңге кредиттік қаржы 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайтарылуын қамтамасыз ету шартымен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді нөлдік үстеме ақы ставкасымен кредиттеуге бағытталып, жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайытқыш, гербицидтер, тұқым дәрілерін, ауыл шаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін сатып алуға немесе ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға және жалдауға жұмсалады.
10 10. Бөлінетін қаржының мақсатты түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін кредиттік қаржы қарыз алушыларға тауарлық және ақшалай кредит түрлерінде беріледі.
11 11. Берілген кредиттік қаржы 2003 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жұмсалады.
12
12. Бөлінген кредиттік қаржы облыс аудандарына олардың болжаулы егістік алқаптарының жалпы көлеміне пропорционал бөлінеді. Кредиттік қаржыны бағдарлама әкімшісі бөледі. Егер аудандар кредиттік қаржы алудан бас тартса, бағдарлама әкімшісі оны өткен жылдардағы алған кредиттері бойынша қарыздары жоқ басқа аудандарға бөліп бере алады.
13 13. Кредиттік қаржыны қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, екінші деңгейдегі банктің кепілдік міндеттемелері бар барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері ала алады.
14
14. Бағдарлама әкімшісі оператормен бірлесе отырып аудан әкімінің ұсынысы бойынша өткен жылдары алған кредиттік қарыздары бойынша берешектері жоқ қарыз алушыларға өтімді кепілдік мүліктері болған жағдайда кредиттік қаржы беру мүмкіндіктерін қарастыра алады. Бірақ бұл жағдайда кредиттік қаржы тауарлық-материалдық заттармен ғана беріледі.