2003 жылғы 23-маусымдағы № 499-а Күршім ауданы әкімиятының «Ауданның өте мұқтаж, аз қамсыздандырылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2003 жылғы 23-маусымдағы № 499-а Күршім ауданы әкімиятының «Ауданның өте мұқтаж, аз қамсыздандырылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- 2003 жылғы 23-маусымдағы № 499-а Күршім ауданы әкімиятының «Ауданның өте мұқтаж, аз қамсыздандырылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 1500
- Дата принятия
- 31.03.2006
- Показанная редакция
- 31.03.2006 · действующая 27898_341242.kaz
- Последнее изменение
- 31.03.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06VN000025
- Идентификатор ЭКБ
- 27898
- Идентификатор редакции
- 27898_341242
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:39
0 2003 жылғы 23- маусымдағы № 499-а
Күршім ауданы әкімиятының «Ауданның
өте мұқтаж, аз қамсыздандырылған
азаматтарына бір жолғы материалдық
көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы»
қаулысына өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24- сәуірдегі № 548 «Бюджет Кодексіне», Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2005 жылғы 4- қарашадағы № 3/4173 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы
23- қаңтардағы № 148- II Заңының 31- бабының 1- тармағының 14- тармақшасы негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2003 жылғы 23-маусымдағы № 499-а Күршім ауданы әкімиятының « Ауданның өте мұқтаж, аз қамсыздандырылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы» қаулысына (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2003 жылдың 09 шілдесінде, тіркеу № 1310) және осы қаулымен бекітілген Ережеге төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Қаулының атында «ауданның өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек» сөздерінен кейін «пен облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы -жәрдемақы тағайындау» сөздерімен толықтырылсын.
Қаулының 1- тармағының мәтіні «Күршім ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек» 7 сөздерінен кейін «пен облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау» деген сөздерімен толықтырылсын .
Қаулының қосымшасында - бүкіл мәтін бойынша «Күршім аудандық әлеуметтік қорғау бөлімі» деген сөздер «Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қаулының қосымшасымен бекітілген Ереженің 1-ші бөліміне келесідей мәтіндегі
4- тармақша қосылсын: «Облысқа сіңірген еңбектері
үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға ай сайын арнаулы жәрдемақы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандық бюджет қаржысы есебінен төленеді».
Ереженің 3- бөлімі 4-ші бөлім, 12- тармағы 19- тармақ болып оқылсын; 19 тармағындағы «көмек ретінде», сөздерінен кейін және «облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы төлеуде» деген сөздерімен толықтырылсын. 3- бөлім
«Облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау мен төлеу тәртібі» деп, төмендегі мәтіндегі тармақшаларымен қосылып, төмендегідей оқылсын:
12 12. Облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақысы тағайындалған азаматтар осы мәртебесін жергілікті атқарушы органдардың уақытында берген арнайы куәлігімен немесе зейнетақы төлеу орталығының анықтамасымен куәландырады.
13 13. Арнаулы жәрдемақы тағайындау үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттар өткізеді:
жеке басының куәлігінің өзі мен көшірмесі;
облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткер екендігі туралы арнайы куәліктің өзі мен көшірмесі, немесе зейнетақы төлеу орталығының куәландыратын анықтамасы;
ауылдық округ әкімшілігінің зейнеткердің тұрғылықты жері туралы анықтамасы;
зейнеткердің арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы өтініші.