Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 «Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу №2480) Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 «Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу №2480) Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 «Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу №2480) Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 45
- Дата принятия
- 28.04.2004
- Показанная редакция
- 28.04.2004 · действующая 20163_339549.kaz
- Последнее изменение
- 28.04.2004
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002681
- Идентификатор ЭКБ
- 20163
- Идентификатор редакции
- 20163_339549
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:09
0 Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 «Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу №2480) Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ауданда ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы №149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20 баптарын, 2001 жыл 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 19 маусымдағы №836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Казталов ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 "Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (тіркеу 3.02.2004 ж. №2480 "Ауыл айнасы газеті" 15 наурыз 2004 жыл № 11) қаулысына төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Қаулының 2-қосымшасының 8-тармағы "малдарды қолдан ұрықтандыру пункттеріндегі маусымдық жұмыстарды ұйымдастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
2 2) 3-қосымшасының 4-тармағында "жұмыстарына" деген сөзден кейін "және малдарды қолдан ұрықтандыру пункттеріндегі ұрықтандырушыға" деген сөздермен толықтырылсын;
3 3) 3-қосымшаның 5-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әрбір жұмысшыға өнімнің сапасына қарай айына дайындалған 2000 дана саман тасқа, 700 дана пеш тасқа, 150 дана қамыс плитасына қабылдау актісіне сәйкесті үстеме ақы төленеді".