Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 15-2
- Дата принятия
- 26.10.2005
- Показанная редакция
- 26.10.2005 · действующая AI25844_0.kaz
- Последнее изменение
- 26.10.2005
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V05GG000010
- Идентификатор ЭКБ
- 25844
- Идентификатор редакции
- AI25844_0
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:16
0 Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу номері 1396, 2004 жылғы 3 тамыздағы аудандық "Мойынқұм таңы" газетінің № 43 (4950) санында жарияланған) шешіміне толықтырулар енгізілсін:
3 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қоғамдық орындарда, бітпеген құрылыстар мен қираған ғимараттардың аумақтарында тазалау және тәртіпке келтіру жұмыстары арнайы белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.".
16 тармақ келесі мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Құрылыстан бос орындар мен жасыл желек аймақтарын, жүргінші және жүріп-тұру жолдарының бөлігін, сонымен қатар басқадай жалпы пайдаланымдағы орындарға кез келген қоқыс түрлерін (темекі қалдықтары, шыны-ыдыстар, қағаздар т.б.) тұрмыстық қалдықтармен ластауға;
6) Арнайы белгіленбеген орындарда, хабарландырулар, афишалар, хабарлама қағаздар, жарнамалық плакаттар, үндеухаттар және сол сияқтыны жапсыруға тиым салынады.".