Перейти к тексту документа

Шыңғырлау ауданы бойынша 2004 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Постановление · № 45 · принят 23.03.2004
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2004-ekb-19423/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Шыңғырлау ауданы бойынша 2004 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 45 ·23.03.2004
Редакция от 23.03.2004
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 23.03.2004. Это последняя редакция в корпусе.

Шыңғырлау ауданы бойынша 2004 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 45 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Шыңғырлау ауданы бойынша 2004 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Шыңғырлау ауданы бойынша 2004 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
45
Дата принятия
23.03.2004
Показанная редакция
23.03.2004 · действующая 19423_337484.kaz
Последнее изменение
23.03.2004
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V04Z0002607
Идентификатор ЭКБ
19423
Идентификатор редакции
19423_337484
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:19

0 Шыңғырлау ауданы бойынша 2004 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-ші қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын және 2001 жылғы 23-ші қаңтардағы N 149-11 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Селолық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары 1-қосымшадағы тізімге сәйкес азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру ұсыныс етілсін.

2 2. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің уақытша Ережесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (Айтмухамбетов) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру міндеттелсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Беркалиевке жүктелсін.

6 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі:

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 23 наурыздағы
N 45 қаулысына
N 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі:
N
Нысандардың аттары
Адам саны
1.
Шыңғырлау селолық округі бойынша
150
2.
Ащысай селолық округі бойынша
25
3.
Алмаз селолық округі бойынша
22
4.
Ақбұлақ селолық округі бойынша
20
5.
Белогор селолық округі бойынша
30
6.
Қарағаш селолық округі бойынша
30
7.
Қызылкөл селолық округі бойынша
50
8.
Лубен селолық округі бойынша
35
9.
Полтава селолық округі бойынша
26
10.
Аудан әкімі аппараты
8
11.
Аудандық мәдениет бөлімі
8
12.
Аудандық әскери комиссариаты
6
13.
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі
10
14.
Шыңғырлау аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет
4
15.
"Шыңғырлаукомтехсервис" мемлекеттік кәсіпорын
4
16.
Аудандық денсаулық сақтау бөлімі
4
17.
Аудандық білім бөлімі
4
Барлығы
436

7 Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері:

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 23 наурыздағы
N 45 қаулысының
N 2 қосымшасымен
бекітілді
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері:

1 1. Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару.

2 2. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу, күрделі және жәй жөндеу жұмыстарына көмектесу.

3 3. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру.

4 4. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық санағын өткізу, әскерге шақырушылардың есебін алу.

5 5. Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру.

6 6. Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты аспазшыға қосымша көмекші жіберу.

7 7. Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау.

8 8. Шаруашылықтардағы орман ағаштарын сақтау.

9 9. Түрлі пайдасыз қалдықтарды жойып, залалсыздандыруды ұйымдастыру.

10 10. Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден жуушы, күзет ұйымдастыру.

18 Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің уақытша Ережесі

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 23 наурыздағы
N 45 қаулысының
N 3 қосымшасымен
бекітілді
Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен
және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша
қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің уақытша
Ережесі

1 1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың есебінен қаржыландырылады.

2

2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және мекемелермен жасалған үлгілік шарт негізінде анықталады. Келісім шартта қоғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.

3

3. Қоғамдық жұмысқа қатысқан үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Жұмыссыздарға есептелген жалақы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарда белгіленген тәртіппен зейнетақы қорына 10 пайыз мөлшерінде төлем ұсталады.

4 4. Жұмыстардың көлеміне, сапасына байланысты, құрылыс салу, күрделі жөндеу жұмыстарына төменгі жалақыға қосымша 50 пайыз мөлшерінде үстемақы төленеді.

5 5. Атқарылған жұмысқа жұмыс берушінің қабылдау актісі толтырылып ай сайын аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылады.

6 6. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс.

7 7. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңына сәйкес екі жақты жеке келісім-шарт жасалады және соның негізінде бұйрық береді немесе әкім шығарып жұмысқа алады.

8 8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздыңы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдауынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

9 9. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын селолық округтер әкімдері, мекемелер басшылары әрбір айдын 20-на атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылады.

Действующая