«Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)

- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 254
- Дата принятия
- 18.09.2008
- Показанная редакция
- 18.09.2008 · действующая 41750_346300.kaz
- Последнее изменение
- 18.09.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08NO000091
- Идентификатор ЭКБ
- 41750
- Идентификатор редакции
- 41750_346300
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 12:51
0
«Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің қағидасын бекіту туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 294 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-13, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2005 жылғы 18 тамыздағы № 36 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«5. Әлеуметтік көмектің көлемі» деген бөлімде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек мынадай көлемде көрсетіледі:
1) тұруға айына 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш;
2) тамақтануға айына 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
3) медициналық куәландыруға осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің толық құны;
4) аудан (облыс) шегіндегі оқу орнына баруға осы Нұсқаулыктың 6- тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің толық құны;
5) кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және кайта даярлауға жіберілген адамдарға тұрақты тұру орны бойынша шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек айына 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді».