Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы № 140-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы № 140-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы № 140-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 10-IV
- Дата принятия
- 28.08.2007
- Показанная редакция
- 28.08.2007 · действующая 35028_319651.kaz
- Последнее изменение
- 28.08.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07TD000074
- Идентификатор ЭКБ
- 35028
- Идентификатор редакции
- 35028_319651
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:06
0 Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік
жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік
тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы »
2005 жылғы 26 қазандағы №140-ІІІ шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы №66 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » заңының 6 бабы негізінде (2005 жылғы 26 қазандағы аудандық мәслихаттың кезекті ХҮІІІ сессиясының №140-ІІІ санды шешімі мемлекеттік тіркеу тізіліміне 4-4-32 санымен 10 қараша 2005 жылы тіркелген, аудандық «Нарын таңы» газетінің 2005 жылғы 26 қарашадағы №48 санында жарық көрген) аудандық әкімияттың 2007 жылғы 27 тамыздағы №144 қаулысын қарай келіп, аудандық ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық мәслихаттың «Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы №140-ІІІ шешімі өзгеріс және толықтыруларымен қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Аталған шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.
3 Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 28 тамыздағы
І сесесиясының №10-ІҮ
нормативтік құқықтық кесімне қосымша
Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын кейбір топтарына
мемлекеттік тұрғын үйлерін жекешелендіру туралы
Е Р Е Ж Е:
1
1. Бұл ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Түрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы №66 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы» Ережесіне және осы жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2 2. Осы ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1 1) Тұрғын үй- тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер);
2 2) Тұрғын үйді жекешелендіру – кейбір санаттағы азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өздері тұратын үй- жайларды меншігіне сатып немесе тегін алуы, ол заңдарға сәйкес жүзеге асырылады;
3 3) Репатрианттар – Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұру үшін басқа мемлекеттерден тарихи отанына қайтып оралушы адамдар.
3 3. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтардың тұрғын үйлерін жекешелендіру Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4 4. Өтеусіз тегін жекешелендіруге мына санаттағы азаматтар жатады:
- репатрианттар (оралмандар);
- жасына қарай зейнеткерлік демалысына шыққан, бұрын жекешелендіру құқын пайдаланбаған зейнеткер, ауданның Құрметті азаматы.
- көп балалы, тұрмыстық деңгейі төмен, әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын, баспанасыз, отырған үйлері авариялық жағдайда болуымен байланысты үймен қамтылған отбасылар.