Перейти к тексту документа

2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 792 · принят 24.04.2006
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2006-18-27/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы Действует Постановление ·№ 792 ·24.04.2006
Редакция от 24.04.2006
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 24.04.2006. Это последняя редакция в корпусе.

2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Действует Постановление ·№ 792 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
792
Дата принятия
24.04.2006
Показанная редакция
24.04.2006 · действующая 27841_296921.kaz
Последнее изменение
24.04.2006
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V06UB000024
Идентификатор ЭКБ
27841
Идентификатор редакции
27841_296921
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:31

0 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шақыру күніне дейін 18-жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі ер азаматтар,

сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төменгі құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын:

Қаныбеков Әбдіхалық Әбдіхамұлы Арыс қалалық Қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлім
бастығы, комиссия төрағасы
(келісім бойынша);
Ертай Сейіт Мырзақұлұлы қала әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері
Рахматуллаев Құрбан Мұсәліұлы Арыс қалалық Ішкі істер
бөлімінің бастығының
орынбасары (келісім бойынша);
Сейітмұратов Әділбай Сейітмұратұлы орталық аурухана дәрігері,
медициналық қызметкерлердің
жұмысына басшылық жасайтын,
медициналық комиссиясының
төрағасы (келісім бойынша);
Ербосынова Гүлзира Шағырбайқызы орталық аурухана медбибісі,
хатшы (келісім бойынша).

3 3. Қалалық денсаулық сақтау бөлімі (Е.Әлімбаев, келісім бойынша):

1

1) комиссия дәрігерлік жұмысын біткенге дейін дәрігерлер мен медбибілер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын, жұмыс орны мен лауазымы сақталсын. Әскери дәрігерлік комиссиясының жұмысы Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ғимаратында өткізілсін. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі;

2 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы №100 Бірлескен бұйрығына сәйкес әскери дәрігерлік комиссияны қажетті құралдармен және дәрі-дәрмектермен камтамасыз ету ұсынылсын;

3 3) азаматтарды лаборотория-флюрографиялық тексеруден өткізілуін ұйымдастырсын.

4 4) дәрігерлік комиссиясынан емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық немесе амбулаторлық тексеруден өткізу, табылған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;

5 5) диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын азаматтардың тізімін Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне тапсыру ұсынылсын.

4 4. Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі (А.Қаныбеков, келісім бойынша):

1 1) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасау ұсынылсын.

5 5. Қалалық ішкі саясат бөлімі (Е.Ақтаев):

1 1) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.

6 6. Қалалық ішкі істер бөлімі (С.Абдуллаев келісім бойынша):

1 1) Арыс қаласының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру кағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссиядан өткізу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;

2 2) облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ертайға жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
Қаныбеков Әбдіхалық Әдіхамұлы
қалалық Қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлім бастығы,
комиссия төрағасы (келісім бойынша)
"___" ____________ 2006ж.
Абдуллаев Сырым Жүсіпахметұлы
қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
"___" ____________ 2006ж.
Әлімбаев Ерғали Сәдуақасұлы
Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің
бастығы (келісім бойынша)
"___" ____________ 2006ж.
Мұсабек Әлімбек Атабекұлы
аудандық орталық аурухана бас дәрігері
(келісім бойынша)
"___" ____________ 2006ж.

Действующая