«Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы №19-8 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы»» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- «Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы №19-8 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы»» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- «Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы №19-8 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы»» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 24-6
- Дата принятия
- 06.10.2006
- Показанная редакция
- 06.10.2006 · действующая 30341_339469.kaz
- Последнее изменение
- 06.10.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06ZM000034
- Идентификатор ЭКБ
- 30341
- Идентификатор редакции
- 30341_339469
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:48
0 «Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы №19-8 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы»» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 97 бабы 2 тармағындағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. «Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы №19-8 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы»» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-22 нөмірмен тіркелген («Серпін» газетінің 2006 жылғы 2 сәуірінде №18, 2006 жылғы 1 мамырында №19 жарияланды), шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мынандай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1 тармақ. Меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде коммуналдық қызмет үшін ақы Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша алынады.
Мемлекет тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) коммуналдық қызметтерді, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету жөнінде шаралар қолданады. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін аудандардың жергілікті өкілді орғандары белгілейді».