Перейти к тексту документа

2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Иной акт · № 15/1 · принят 25.01.2006
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2006-ekb-26699/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы Действует Иной акт ·№ 15/1 ·25.01.2006
Редакция от 25.01.2006
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 25.01.2006. Это последняя редакция в корпусе.

2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Действует Иной акт ·№ 15/1 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы
Наименование (каз.)
2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
15/1
Дата принятия
25.01.2006
Показанная редакция
25.01.2006 · действующая 26699_234134.kaz
Последнее изменение
25.01.2006
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V06PI012923
Идентификатор ЭКБ
26699
Идентификатор редакции
26699_234134
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:59

0 2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жергілікті уәкілетті органдар шешімі бойынша санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» 6.2.451.007 бағдарламасымен келіссін.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі А.А.Смағұлова аудандық мәслихаттың сессиясына бағдарламаны бекіту үшін ұсынсын.
3. Қоса беріліп отырған «2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы» Нұсқаулық бекітілсін.
4. Ауданның қаржы бөлімі бюджеттік қаражат шеңберінде әлеуметтік төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О.Сағандықовқа жүктелсін.

1 Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 25 қаңтардағы
«Жекелеген санаттағы
азаматтарға әлеуметтік көмек
көрсету туралы» № 15/1
қаулысымен бекітілді
Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек көрсету туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1 1. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заң күші бар № 247 Жарлығына сәйкес жергілікті өкілетті органдар шешімдері бойынша аудан азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек беру тәртібін анықтайды.

2 2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтардың санаттары

2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға мыналардың құқықтары бар:
1) Жазылған басты зейнеткерлер, әлеуметтік зейнетақы алатын 1 топты мүгедектер;
2) Ауданда тұратын туберкулезбен ауыратындар;
3) Туберкулезбен ауратындар (Бурабай курортына бару жол ақысы)
4) Қазақстан Республикасы шегінде медициналық мекемеге емдеу үшін жолақы қажет ететін науқастар;
5) Отбасы кірісі кедейшілік шегінен аспайтын аз қамтамасыз етілген және жұмыссыз қатарындағы азаматтардың отбасынан қайтыс болғандарға (жабдығын өткізуге);
6) Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлғаларды құжаттандыру үшін;
7) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (дәрі-дәрмек алу үшін);
8) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (9 мамыр жеңіс күнін мерекелеу үшін);
9) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (басылымдарға жазылу үшін);
10) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (тістерін протездеу үшін).

3 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

3. Нұсқаулықтың 2 бабы 2 тармағында көрсетілген азаматтар санатына әлеуметтік төлемдер төленеді:
әлеуметтік төлем келесі тармақшаларында көрсетілген азаматтарға 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10).
4. Әлеуметтік төлемақы және әлеуметтік көмектің басқа түрлері және құқығы бар азаматтар:
1) 7,8,9,10 тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңдестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заң бар № 2247 Жарлығына сәйкес тағайындалады.
2) 1), 4) тармақшада көрсетілген санаттарға Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес тағайындалады;
3) 2,3,5,6 тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік төлемдер 6.2.258.015.000 бюджеттік бағдарламаның беру жолымен жүргізіледі.

Действующая