2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
ҚАЗ2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
- Наименование (каз.)
- 2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 72
- Дата принятия
- 15.03.2006
- Показанная редакция
- 15.03.2006 · действующая 27109_345339.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 15.03.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06NP000030
- Идентификатор ЭКБ
- 27109
- Идентификатор редакции
- 27109_345339
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:47
0 2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13, 14) тармақшаларына сәйкес, халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) 21 жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) асырауында Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар жатады.
2 2. Ауданның селолары мен селолық округтерінің әкімдері «Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып, халықтың нысаналы топтарына жататындарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қарастырсын.
3 3.
«Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
1 1) халықтың нысаналы топтарына жататындарды уақытша жұмыспен қамту және кәсіби даярлау жөнінде шаралар қабылдасын;
2 2)
халықтың нысаналы топтарына жататындардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.