Перейти к тексту документа

2006 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Постановление · № 07/43 · принят 28.04.2006
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 16.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2006-ekb-27764/on/2026-08-16/
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
2006 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Утратил силу Постановление ·№ 07/43 ·28.04.2006
Редакция от 28.04.2006
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 16.08.2026: от 28.04.2006. Это последняя редакция в корпусе.

2006 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 07/43 · по состоянию на 16.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2006 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Наименование (каз.)
2006 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
07/43
Дата принятия
28.04.2006
Показанная редакция
28.04.2006 · действующая 27764_347376.kaz
Последнее изменение
28.04.2006
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V06KN000022
Идентификатор ЭКБ
27764
Идентификатор редакции
27764_347376
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:29

0 2006 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы.

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес және 2006 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық шақыру комиссия қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Ауыл және кент әкімдері:

1 1) 2006 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1979-1988 жылдары туған азаматтарды қорғаныс бөлімінің тізімі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;

2 2) әскерге шақырылғандарды жеткізу жөніндегі және медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.

3 3. Аудандық қорғаныс істер бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин - келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.

4 4. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев - келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен және орта медициналық құраммен жасақтасын.

5 5. «Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Нұра аудандық филиалы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.

6 6. Аудандық ішкі істер бөлімі (Асхат Нұрмұхаммедұлы Канафин - келісім бойынша) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұсталуын, әскерге шақырғандар командаларын аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырсын.

7 7. Нұра ауданының мәдениет бөлімі (Рабиға Қосанқызы Құтжанова) әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салған күндері жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың әскери-патриоттық тақырыптарға өнерін көрсетуді ұйымдастырсын.

8 8. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруына байланысты мақсатқа бюджетте бөлінген қаржылар шектерінде қаржыландыруды жүргізсін.

9

9. Аудан әкімиятының 2005 жылғы 31 тамыздағы «2005 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (2005 жылдың 23 қыркүйегінде мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердегі тіркелінген № 8-14-5) № 12/05 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекет Бекпайұлы Қосшығұловқа жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ
Аудандық қорғаныс істер
бөлімінің бастығы
Қ.Ш.Жолболдин
28.04.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
А.Н.Канафин
28.04.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық
бірлестігінің
директоры
Б.О.Еспаев
28.04.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаменті» мемлекеттік
мекемесі Нұра аудандық
филиалының
бастығы
Г.Қ.Досполова
28.04.2006 жыл

13 Аудандық шақыру комиссияның құрамы:

Қосымша
аудан әкімдігінің
2006 жылғы «28» сәуірдегі
№ 07/43 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Аудандық шақыру комиссияның құрамы:

1 1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы

- комиссия төрағасы,
аудандық корғаныс істер
бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)

2 2. Ахметова Гүлдана Сайлаубайқызы

- комиссия төрағасының
орынбасары, аудан әкімі
аппаратының бас маманы

3 3. Оспанова Алтыншаш Оміржанқызы

- комиссия хатшысы,
аудандық қорғаныс
істер бөлімінің әскери міндеттілерді
шарт бойынша қызметке алу және
шақыру бөлімше бастығының
алғашқы әскери дайындығы және
әскери техникалық мектеп
жөніндегі көмекшісі
(келісім бойынша)

4 4. Есжанов Жанболат Зейнілұлы

- Нұра ауданының ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)

5 5. Гизатуллина Лилия Фанауиқызы

- аудандық медициналық
бірлестігінің терапевт-дәрігері
(келісім бойынша)

6 6. Қалитов Сағдат - аудандық қорғаныс істер

бөлімінің әскери міндеттілерді
шарт бойынша қызметке алу және
шақыру бөлімшенің бастығы
(келісім бойынша)

Действующая