Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы
- Наименование (каз.)
- Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 18-5
- Дата принятия
- 28.07.2006
- Показанная редакция
- 24.04.2007 · действующая 29574_189939.kaz
- Последнее изменение
- 24.04.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06G0001647
- Идентификатор ЭКБ
- 29574
- Идентификатор редакции
- 29574_189939
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:03
0 Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабындағы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"» Кодексінің 462-бабына, Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10-бабындағы 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 109-ө "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2006 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 4187 болып тіркелген бұйрығының негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. Үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 12-6 "2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем (ставкалар) нормативтері туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 1632 болып тіркелген, 2006 жылдың 5 қаңтарында "Ақ жол" және «"Знамя труда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған
органы қорғау басқармасының бастығы
________________ И.Ж.Әлиев
________________ 2006 жыл
Жамбыл облысы бойынша
салық комитетінің төрағасы
______________ Н.Ш.Ысқақабаев
______________ 2006 жыл
3 Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары
Жамбыл облыстық мәслихатының
2006 жылғы 28 шілдедегі
18-5 шешіміне қосымша
Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары
теңге
р/с №
Көрсеткіштер
өлшем бірлігі
Уыттылық сыныбы
Ставкалар
1
Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
шартты тонна
394
2
Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары:
тонна
165
этилденбеген бензин үшін;
тонна
дизель отыны үшін;
тонна
сұйытылған газ үшін;
тонна
сығындалған газ үшін.
тонна
3
Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері:
су объектілеріне;
шартты тонна
7857
экрандалған жинауыштарға;
шартты тонна
3928
экрандалмаған жинауыштарға;
шартты тонна
5612
сүзілу алаңдарына;
шартты тонна
1033
суармалы егіс танабы.
шартты тонна
5612
4
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда ораналастыру
тонна
V
120
тонна
IV
240
тонна
III
480
тонна
II
1920
тонна
I
3840
5
Аршынды жыныстар
тонна
V
3,6
6
Ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары (қи, құс саңғырығы) (1 тонна үшін)
тонна
9,2
7
Сынабы бар пайдаланудан шыққан шамдар
дана
I
969
Ескерту:
2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" N 884 қаулысына сәйкес 107,0 пайызды құрайтын 2005 жылғы төлем ставкаларының тұтыну бағасының индексіне түзету енгізу жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 02-1-2 6/2565-и нұсқауы бойынша белгіленген.