Перейти к тексту документа

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" N 38-236-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Положение · № 20-145-IV · принят 03.04.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 12.06.2012
https://adilet.kz/ru/laws/2007-16-n-38-236-iii-ekb-45775/?version=AI45775_1.kaz
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" N 38-236-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Утратил силу Положение ·№ 20-145-IV ·03.04.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" N 38-236-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗМақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" N 38-236-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Утратил силу Положение ·№ 20-145-IV · принят 03.04.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" N 38-236-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Наименование (каз.)
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" N 38-236-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
20-145-IV
Дата принятия
03.04.2009
Показанная редакция
12.06.2012 · действующая AI45775_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
12.06.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09UG000077
Идентификатор ЭКБ
45775
Идентификатор редакции
AI45775_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:28

0 Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" N 38-236-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. "Әкімшілік жауаптылық көзделетін міндетті ережелер туралы" Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 наурыздағы N 38-236-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-40 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 20 сәуірдегі "Мақтаарал" газетінде ресми жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Ереженің 4-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
4-тарау. Иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау
12. Қала, кенттер, ауылдық округтерде иттерді жекелеген оңаша қорада немесе байлауда ұстау қажет. Иттерді көшеге, аулаға көпшілік жерге қарғы бау тағып, тұмсық тор кигізіп шығару қажет. Иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз бос жіберу мал табындарын баққанда, аң аулау кезінде, арнаулы мекемелердің шұғыл жағдайда иттерді пайдалануы кезінде рұқсат етіледі.
Мекеме, мектеп, аурухана аумақтарында күзет иттерін байлауда ұстауға рұқсат етіледі.
13. Белгіленген тәртіппен иттер мен мысықтарды тіркеуді мал дәрігерлік инспекторлары жүргізеді және тіркеу куәлігін береді. Мал дәрігерлік инспекторларының нұсқауымен иттер мен мысықтарды тексеру, әртүрлі ауруларға қарсы егу, дегельмитизациялау және тазалықта ұстау қажет. Каналдарда иттер мен мысықтарды шомылдыруға болмайды.
14. Иттер мен мысықтар ауырып қалғанда, сондай-ақ адамды, малды ит қапқан, мысық тырнаған жағдайда жедел мал дәрігерлік инспекторларға және медициналық мекемелерге хабарлау қажет. Адамды, малды жарақаттаған (қапқан, тырнаған) ит пен мысықты шұғыл түрде мал дәрігеріне тексертіп, 10 күнге дейін оқшау ұстап, бақылау қажет. Тіркеуге, емдеуге және басқа шараларға байланысты шығындарды ит пен мысықтың егесі төлейді.
15. Ит пен мысық алғандығы немесе басқа жақтан келгендігі туралы бес күн ішінде мал дәрігерлік инспекторын хабардар ету қажет.
16. Тұқымына қарамастан көшелерде, саябақта және басқа да көпшілік орындарда иесіз жүрген иттер (қарғы бауы, тұмсық торы болса да) мен мысықты қаңғыбас деп саналады және оларды аулауға, атуға рұқсат етіледі.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.