Перейти к тексту документа

2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 451 · принят 23.04.2007
Юридическая сила: Действует · редакция от 23.04.2007
https://adilet.kz/ru/laws/2007-18-27/?version=33245_299737.kaz
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы Действует Постановление ·№ 451 ·23.04.2007

2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы

ҚАЗ2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Действует Постановление ·№ 451 · принят 23.04.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
451
Дата принятия
23.04.2007
Показанная редакция
23.04.2007 · действующая 33245_299737.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
23.04.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07UB000039
Идентификатор ЭКБ
33245
Идентификатор редакции
33245_299737
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 15:44

0 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызмет шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2007 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төменгі құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын:

Қаныбеков Әбдіхалық Әбдіханұлы - Арыс қалалық Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Ертай Сейіт Мырзақұлұлы -
қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Бақтыбаев Жұмахан Жолдасұлы -
Арыс қалалық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Сейітмұратов Әділбай Сейітмұратұлы -
Арыс қалалық медициналық бірлестігінің орталық аурухана дәрігері, медициналық қызметкерлердің жұмысына басшылық жасайтын, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Ербосынова Гүлзира Шағырбайқызы - Арыс қалалық медициналық бірлестігінің орталық аурухана медбикесі, хатшы (келісім бойынша)

3 3. Арыс қалалық медициналық бірлестігі (Е.Әлімбаев, келісім бойынша):

1

1) комиссия дәрігерлік жұмысын біткенге дейін дәрігерлер мен медбибілер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын, жұмыс орны мен лауазымы сақталсын. Әскери дәрігерлік комиссияның жұмысы Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ғимаратында өткізілсін. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі;

2 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы №117, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы №100 Бірлескен бұйрығына сәйкес әскери дәрігерлік комиссияны қажетті құралдармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету ұсынылсын;

3 3) азаматтарды лаборатория-флюрографиялық тексеруден өткізілуін ұйымдастырсын.

4 4) дәрігерлік комиссиясынан емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық немесе амбулаторлық тексеруден өткізу, табылған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;

5 5) диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын азаматтардың тізімін Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне тапсыру ұсынылсын;

4 4. Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі (Ә.Қаныбеков, келісім бойынша):

Әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасау ұсынылсын.

5 5. Қалалық ішкі саясат бөлімі (Е.Ақтаев):

Әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.

6 6. Қалалық ішкі істер бөлімі (Ж.Жакулаев, келісім бойынша):

1 1) Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссиядан өткізу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;

2 2) облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ертайға жүктелсін.

8 8. Осы қаулы әділет орындарында тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.

9 9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қаныбеков Әбдіхалық Әбдіхамұлы
Арыс қалалық Қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлім
бастығы, (келісім бойынша)
«23» 04 2007 жыл.
Жакулаев Жүрехан
Арыс қалалық ішкі істер бөлімінің
бастығы (келісім бойынша)
«23» 04 2007 жыл.
Әлімбаев Ерғали Садуақасұлы
Арыс қалалық медициналық бірлестік
бастығы (келісім бойынша)
«23» 04 2007 жыл.