2007 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру учаскесінде 1990 жылы туған жасөспірімдерді есепке алу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2007 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру учаскесінде 1990 жылы туған жасөспірімдерді есепке алу туралы
- Наименование (каз.)
- 2007 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру учаскесінде 1990 жылы туған жасөспірімдерді есепке алу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 2708
- Дата принятия
- 19.02.2007
- Показанная редакция
- 19.02.2007 · действующая 32216_367436.kaz
- Последнее изменение
- 19.02.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07VM000030
- Идентификатор ЭКБ
- 32216
- Идентификатор редакции
- 32216_367436
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:03
0 Катонқарағай ауданы бойынша 2009 жылы 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді уақтылы және сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында,
Катонқарағай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.
Катонқарағай
ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (М.Д. Садықов) (келісім бойынша) мыналар ұсынылсын:
1 1) Заңмен белгіленген мерзімде тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскесінде, сондай-ақ бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізу;
2 2) 1990 жылы туған азаматтарды есепке тіркеу алдында ауданның селолық округ әкімдерімен бір күндік нұсқаулық- әдіскерлік сабақтар өткізу;
3 3) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде «ВС», «ВТР», «БАТ» санаттарының жүргізушілерін дайындау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу;
4 4) «Катонқарағай ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге Қазақстан Республикасының әскери-техникалық оқу орындарына кандидаттарды іріктеу комиссиясын құрып, дене шынықтыру дайындығы мен білім деңгейін тексеру.
2 2. Меншік түріне және бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына, ер балаларды шақыру қағазында көрсетілген уақытта және қажетті құжаттармен шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. № 2
Катонқарағай
аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері (Қ.Т.Толықбаев) (келісім бойынша) 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру үшін келесі шаралар қабылдау ұсынылсын:
1 1) медицина мекемелеріне жіберілген әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылудан өтуін, сондай-ақ, емделуге мұқтаж болғандардың амбулаториялық емделуін және жатқызып емделуін қамтамасыз ету, олардың денсаулығын түзету бойынша барлық шаралар қолдану;
2 2) 1990 жылы туған әскерге шақырылушыларды 025-IV үлгідегі медициналық картамен қамтамасыз ету;
3 3) дәрігерлер және орта медицина қызметшілері сырқаттанып қалса, олардың орнына мамандығына сәйкес басқа қызметшілерді жіберу.
4 4. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне (Е. Жұмажанов) 1990 жылы туған жасөспірімдерді есепке тіркеу мерзімінде олармен спорт шараларын ұйымдастырсын.
5 5.
Катонқарағай
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Ш.М. Құнанбаев) (келісім бойынша) есепке тіркеуге жалтарып жүрген азаматтарды іздеп табуды қамтамасыз ету, шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полициядан наряд бөлінуі ұсынылсын.
6 6. Селолық округ әкімдеріне:
1 1) жасөспірімдерді шақыру пунктіне жеткізу үшін селолық округтің маманын және мектептегі алғашқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы – оқытушысы бөлінсін.
7 7. Аудандық қаржы бөліміне (З.Ш.Ахмерова)
Катонқарағай
ауданы бойынша 1990 жылы туған азаматтарды есепке тұруды ұйымдастыру мен өткізу үшін бюджетпен қарастырылған ақшалай қаржы бөлінсін.
8 8.
Катонқарағай
аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 қаңтардағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген тіркеу нөмірі 5-15-34) аудандық «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 2 ақпандағы 6 нөмірінде жарияланған аудан әкімінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 757 «Катонқарағай
ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.