2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
- Наименование (каз.)
- 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 322
- Дата принятия
- 27.11.2006
- Показанная редакция
- 27.11.2006 · действующая 30773_302581.kaz
- Последнее изменение
- 27.11.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06ZK000039
- Идентификатор ЭКБ
- 30773
- Идентификатор редакции
- 30773_302581
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:38
0 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 5 бабын, 7 бабының 2 тармақшасын басшылыққа алып, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі (1 қосымша) және 2007 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар белгіленсін (2 қосымша).
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Р.С.Мүсалимоваға белгіленген шаралар бойынша ең алдымен нысаналы топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету жүктелсін.
3 3. Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы “2006 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесін бекіту және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы” № 298 қаулысының (мемл.тіркеу № 7-11-18 14.01.2006 ж.) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.
6 2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі
Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 27 қараша
№322 қаулысына 1 қосымша
2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі
1 1. Табысы аз адамдар;
2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7. Мүгедектер;
8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10. Оралмандар;
11 11. Жұмыссыздар.
18 2007 жылға нысаналы топтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар
Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 27 қараша
№322 қаулысына 2 қосымша
2007 жылға нысаналы топтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар
№
Іс-шаралар
Барлығы, адам саны
Соның ішінде, нысаналы топ, адам саны
1
Жұмысқа орналастыру
365
182
2
Қоғамдық жұмыстарға жіберу
385
193
3
Бастапқы даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу барлығы
50
25
Соның ішінде:
- бастапқы даярлау
- қайта даярлау
- біліктілігін арттыру
15
30
5
10
13
2
4
Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу
61
61