Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
ҚАЗЖангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
- Наименование (каз.)
- Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 166
- Дата принятия
- 20.12.2006
- Дата введения в действие
- 01.01.2007
- Показанная редакция
- 20.12.2006 · действующая 31079_348809.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 20.12.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06NI000050
- Идентификатор ЭКБ
- 31079
- Идентификатор редакции
- 31079_348809
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:26
0 Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Жангелдин ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстай Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы ШЕШТІ:
1 1. 2007 жылға арналған Жангелдин ауданының бюджеті 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1 1) кірістер - 618 438 мың теңге;
түсімдер бойынша - 84 020 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 83 382 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 430 мың тенге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 208 мың теңге;
ағымдағы нысаналы трансферттер - 123 886 мың теңге;
субвенция - 410 532 мың теңге;
2 2) шығындар - 618 438 мың теңге.
2 2. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік көмекке - 40577 мың теңге қаралып, оның ішінде 38380 мың теңге республикалық трансферттер есебінен, 2197 мың теңге жергілікті бюджет есебінен бекітілсін.
3 3. 2007 жылға ағымдағы нысаналы трансферттер облыстық бюджеттін есебінен жалақынын өсуіне - 67922 мың теңге қаралып бекітілсін.
4 4. 2007 жылға ағымдағы нысаналы трансферттер облыстық бюджеттің есебінен автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етуге - 17854 мың теңге көлемінде бекітілсін.
5 5. 2007 жылға ауданға бөлінген субвенция есебінен:
- білім беру ұйымдарына күрделі жөндеуге және материалдық-техникалық базаны нығайтуға - 19377 мың теңге;
- сумен жабдықтау жүйесін дамытуға - 977 мың теңге;
- аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге - 10289 мың теңге қаржы бөлінсін.