2007 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2007 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
- Наименование (каз.)
- 2007 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 28
- Дата принятия
- 02.02.2007
- Показанная редакция
- 02.02.2007 · действующая 32022_345336.kaz
- Последнее изменение
- 02.02.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07NP000049
- Идентификатор ЭКБ
- 32022
- Идентификатор редакции
- 32022_345336
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:07
0 2007 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 13, 14) тармақшаларына сәйкес, халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына мынадай санаттағылар жатады деп белгіленсін:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қар улы Күштерінің қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) ұзақ мерзім бойы жұмыссыз адам бар (бір жыл және одан ұзақ);
12 12) елу жастан асқан адамдар;
13 13) жалпы білім беру және кәсіби мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектері.
2 2. Ауданның селолары мен селолық округтерінің әкімдері халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды тұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3 3. "Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
1 1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамту және кәсіби даярлау жөнінде шаралар қабылдасын;
2 2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдессін.
4
4. Аудан әкімдігінің «2006 жылғы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы» 2006 жылғы 15 наурыздағы № 72 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-30, № 11 "Науырзым" аудандық газетінде 2006 жылғы 9 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.