Перейти к тексту документа

2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы

Постановление · № 14 · принят 18.01.2007
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2007-ekb-32143/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы Действует Постановление ·№ 14 ·18.01.2007
Редакция от 18.01.2007
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 18.01.2007. Это последняя редакция в корпусе.

2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы

Действует Постановление ·№ 14 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
14
Дата принятия
18.01.2007
Показанная редакция
18.01.2007 · действующая 32143_315832.kaz
Последнее изменение
18.01.2007
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V07NO000052
Идентификатор ЭКБ
32143
Идентификатор редакции
32143_315832
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:13

0 2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабы негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін (қосымша).

2

2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол шаруашылық және көлік бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі ретінде «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) кәсіпорынмен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алуға ұсыныс жасалсын.

3

3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 460 «2006 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы әкімдігінің «Сельхозэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы» (тіркеу № 9-15-26, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 2 ақпанда № 5 жарияланған), қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6

7 Орман өрттерін сөндіруді басқару жөніндегі ауданның жедел құрамы

Әкімдіктің
2007 жылғы 18 қаңтардағы
№ 14 қаулысына
2- қосымша
Орман өрттерін сөндіруді басқару жөніндегі ауданның жедел құрамы
Соқытбаев Мейрам Аманжолұлы - аудан әкімінің орынбасары, ауданның төтенше жағдайлар
жөніндегі комиссия төрағасы;
Көлбеков Сапабек Кенжетайұлы - «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);
Ковальчук Александр Николаевич - «Меңдіқара ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);
Құрпасов Батырхан Ыбырайұлы - «Боровской ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша);
Филипенко Федор Иванович - Қостанай облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялык - құтқару жұмыстары кызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы Меңдікара ауданының № 22 ӨСБ бастығы (келісім бойынша).

Действующая