2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы
ҚАЗ2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы
- Наименование (каз.)
- 2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 52
- Дата принятия
- 26.02.2007
- Показанная редакция
- 26.02.2007 · действующая 32365_315896.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 26.02.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07NO000056
- Идентификатор ЭКБ
- 32365
- Идентификатор редакции
- 32365_315896
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:01
0 2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сиппаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13 -бабына сәйкес, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау және ауданның экономика мен инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2007 жылға арналған Меңдіқара ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
2 2. Селолық округтердің әкімдері2007 жылғы 1 наурызға дейін:
1 1) көктемгі кезеңде су тасқынын болдырмау, ауданның экономика мен инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлесін және бекітсін:
2 2) су тасқынына қарсы іс-шаралар да іске асыруға бақылау жөніндегі комиссияны құрсын.
3 3. Теңгерімінде су қоймалары, бөген мен бөгеттері бар ұйымдар басшыларына ұсынылсын:
1 1) олардың кезектен тыс қарауын өткізу, авариялык тастауларды жібермеу жөніндегі шараларды көздеу;
2 2) су тасқыны өту кезеңіне басшылар мен авариялық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігін белгілеу, оларды қажетті механизмдермен және материалдармен қамтамасыз ету.
4
4. «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Меңдіқара ауданы әкімдігінің резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушыллр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 300000 (үш жүз мың) теңге бөлу ұсынылсын.
5 5. Меңдіқара ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына су таскынына қарсы іс-шаралар өткізу бойынша жұмыс жүктелсін.
6
6. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 92 «2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» (2006 жылғы 15 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-31, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 6 сәуірде № 15 жарияланған), қаулысының күші қойылды деп есептелсін.