2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 31
- Дата принятия
- 23.01.2007
- Показанная редакция
- 23.01.2007 · действующая 32488_320792.kaz
- Последнее изменение
- 23.01.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07ZI000037
- Идентификатор ЭКБ
- 32488
- Идентификатор редакции
- 32488_320792
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:11
0 2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 8 шілде 2005 жылғы № 74 Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 15 қантар 2007 жылғы №93 сұранысына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. 2007 жылғы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды дәрігерлік сараптаудан өткізу үшін аудандық комиссия құрамы құрылсын (жалғама - №1 қосымша).
2 2. Аудандық аумақтық медицина бірлестігіне (Б.Хамидуллин) әскери оқу орындарына баратын азаматтардың дәрігерлік сараптау, флюрография, ЭКГ, бруцеллез және СПИД анализдерін талапқа сай сапалы өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Әскери оқуға шақырушыларды уақытында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелу және тасымал кезінде техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.
4 4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (А.Қожанғалиев) әскери оқуға шақырушыларды уақытында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жеткізу ұсынылсын.
5 5. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Н.Оразов) жанар-жағар майға қаржы бөлу тапсырылсын.
6 6. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуын бақылау жасау жүктелсін.
Келісілді:
Қожанғалиев Абай
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы.
Келісілді:
Оразов Нұрлан Жанғабұлы
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің меңгерушісі
Келісілді:
Хамидуллин Бауыржан Амангельдіұлы
Аудандық аумақтық медициңа бірлестігінің бас дәрігері.
7 2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды дәрігерлік сараптаудан өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы.
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «23» 01
№31 қаулысымен бекітілген №1 жалғама
2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды дәрігерлік сараптаудан өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы.
Қожанғалиев Абай Ізімғалиұлы - аудандық әскери комиссар, комиссия төрағасы
Қарашолақова Болған - медбике, комиссия хатшысы
Амангельдина Гүлжан Игилқызы - жасөспірімдер дәрігері, терапевт
Аюпов Руслан Қадырболатұлы - дәрігер - хирург
Нысанов Есенжан Мұхамедиярұлы - лор дәрігері
Елеусинова Венера Жаукенқызы - көз дәрігері
Сүйегалиева Бақытсұлу Орынбасарқызы - тіс дәрігері
Үмбетова Света Төлегенқызы - дәрігер-невропотолог
Оразбаева Шара - медбике