Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V-сессиясының № 5/72 "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V-сессиясының № 5/72 "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V-сессиясының № 5/72 "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 8/115
- Дата принятия
- 30.09.2008
- Показанная редакция
- 30.09.2008 · действующая 41884_162897.kaz
- Последнее изменение
- 30.09.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08KQ000062
- Идентификатор ЭКБ
- 41884
- Идентификатор редакции
- 41884_162897
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 12:48
0
Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V-сессиясының N 5/72 "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 10 сәуірдегі V-сессиясының "Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасы туралы" N 5/72 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде 24.04.2008 жылғы N 8-17-58 болып тіркелген, аудандық "Шет шұғыласы" газетінің 2008 жылғы 8 мамырдағы N 20 (10168) санында жарияланған) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Шет ауданында азық-түлік бағаларының қымбаттауына және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Қағидасында:
1-тармақ мынандай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар"
4-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"әлеуметтік төлем мөлшері әр адамға бір айға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін"
5-тармақтың 2) тармақшасындағы "16 жасқа дейінгі мүгедек балалар" деген сөздерден кейін "жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар" деген сөздермен толықтырылсын.