Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 ақпандағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" N 5-30 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 ақпандағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" N 5-30 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 ақпандағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" N 5-30 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 16-75
- Дата принятия
- 24.12.2008
- Показанная редакция
- 07.05.2009 · действующая 43849_217464.kaz
- Последнее изменение
- 07.05.2009
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08DL000098
- Идентификатор ЭКБ
- 43849
- Идентификатор редакции
- 43849_217464
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 12:15
0 Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 ақпандағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" N 5-30 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабындағы 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 2-10-732 өтініш хатының негізінде Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 ақпандағы N 5-30 шешіміне (2008 жылғы 14 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-69 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 8 мамырдағы N 20 "Қаратал" газетінде жарияланған; 2008 жылғы 29 шілдесінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-89 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 8 тамыздағы N 33 "Қаратал" газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-бөліміндегі 1-тармағындағы "55 жасқа" деген сөзден кейін "толған әйелдер және 60 жасқа толған еркектер" деген сөздермен толықтырылсын;
2-бөліміндегі 1-тармақтағы "мүгедектер" деген сөзден кейін үтір таңбасы алынып тасталынып, "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-бөліміндегі 1-тармақтағы "жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар" деген сөздер "денсаулық сақтау мекемесінде есепте тұрған адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бөліміндегі 5-тармағының 5-тармақшасындағы "өзге де" деген сөздерден кейін табыс деген сөз алынып тасталып, "ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бөліміндегі 1-тармағының 4-тармақшасындағы "жылына бір рет" деген сөздерден кейін "үшінші немесе төртінші тоқсанда" деген сөздерімен толықтырылсын: